“Шеврон”: Дәрігерлерге арналған семинар

2332
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласында медицина қызметкерлеріне арналған COVID-19 бойынша семинарлар өтіп жатыр.

«Шеврон» компаниясы Колумбия университетінің жанындағы ICAP орталығына коронавирустық инфекциямен (COVID-19) күрес жобасын іске асыру үшін грант бөлді. Жоба серіктесі – Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы. Жобаның негізгі мақсаты – ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық мекемелердің инфекцияны диагностикалау, емдеу, алдын алу және инфекциялық бақылау бойынша әлеуетін арттыруда қолдау көрсету.
Осы жобаны Алматы қаласында іске асыру үшін ICAP Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен (ҚДСБ) ынтымақтастық туралы меморандумға және «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-мен ҚДСБ COVID-19 эпидемиясында әрекет ету жұмыстарына тартатын медициналық және медициналық емес жұмыскерлерді бірлесіп оқыту туралы меморандумға қол қойды.

10 шілдеде COVID-19 вирусын емдеу бойынша жаңа стационардың жұмысына жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге арналып жоспарланған онлайн семинарлардың екеуі өтті. Кіріспе семинарларда COVID-19 эпидемиологиясына қатысты ақпарат беріліп, инфекцияның алдын алу және COVID-19 эпидемиясы жағдайында инфекциялық бақылау бойынша шаралар түсіндіріледі. Оған орта және кіші медицина персоналы арасынан шамамен 50 адам қатысты. Жеке қорғаныс құралдарын кию және шешу дағдыларын нығайту бойынша тәжірибелік сабақтар «Халық Арена» кешенінің негізінде 13 шілдеде өтті. Кейінгі семинарлар дәрігерлерге арналады және COVID-19 пациенттерін күту мен емдеуді ұйымдастыру мәселелеріне арналады.
Ұйымдастырушылар бұл оқу орта және кіші медицина персоналының COVID-19 пациенттеріне көмек көрсету мен емдеуді ұйымдастыру, медициналық мекемелерде алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар өткізу мәселелері бойынша білімі мен дағдыларын арттыруға көмектеседі деген сенімде. Сонымен қатар оқу барысында, медициналық персоналдың коронавирустық инфекцияны жұқтыруына жол бермеуде маңызды рөл атқаратын, медициналық қызметкерлердің стандартты сақтық шараларын орындауына және жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануына ерекше назар аударылады.

Қазақстан Республикасымен 27 жылдан астам бойғы серіктестігі барысында “Шеврон” компаниясы жергілікті медициналық мекемелердің инфрақұрылымдарын жақсартуға және қазақстандық дәрігерлердің әлеуетін дамытуға бағытталған көптеген жобаларды іске асырды. Биылғы жылдың наурызында компания Алматы балалар инфекциялық ауруханасында COVID–19 вирусына шалдыққан пациенттерді емдеу үшін екі жоғары технологиялық ИВЛ (өкпені жасанды желдету) аппаратын орнатты. Сонымен қатар сәуір айында “Шеврон” ICAP орталығымен бірге Денсаулық сақтау министрлігіне Қытайдан COVID–19 бойынша мамандар делегациясының сапарын ұйымдастыруға көмектесті. Мамыр-маусым айларында компания Алматы қ. медициналық қызметкерлерін қорғау үшін 70 000 респиратор маска және 2 850 жеке қорғаныс құралдарының толық жиынтығын сатып алып тапсыруға көмектесті.

ICAP орталығы -ва – АҚШ, Нью-Йорк қаласы Мэйлман атындағы Колумбия университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің бөлігі. Орталық жұмысының негізгі мақсаты отбасылар мен қауымдастықтар денсаулығын жақсарту болып табылады. Бүгінгі таңда ICAP 30-дан астам елде денсаулық министрліктеріне денсаулық сақтау жүйелерін нығайту, медицина қызметкерлерін оқыту, денсаулық сақтау саласында инновациялық әдістерді әзірлеу және іс жүзінде пайдалану саласында консультациялық-әдістемелік көмек көрсететін және ірі ауқымды зерттеу жобаларын жүргізетін ірі халықаралық ұйым. Қазақстан Республикасында ICAP 2011 жылдан бері АИТВ инфекциялары бойынша бағдарламалардың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеп келеді.

Пікірлер