Павлодар облысы әкімдігінің басқарма басшысына қатысты тергеу басталды (видео)

3877
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысы әкімдігінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы "Адырна" Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Антикоррупция баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  жалпы сомасы 2,6 миллион теңге болатын мердігердің іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың атқарылуы туралы жалған актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша облыс әкімдігі басқармаларының бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер

Естеріңізге сала  кетсек, жуырда  коронавирус індетімен  күресті жарнамалау үшін БАҚ-қа бөлінген ақшаның есебі жарияланған. Ақпаратқа сенсек, бұрынғы  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов журналист Аман Тасығанның “Talk show” бағдарламасына 50 млн-ға жуық ақша бөлген. Алайда, журналист мұндай ақшаны алмағанын айтты.

 

Пікірлер