"Аға, қаражат қайда кетті?". А.Тасыған Біртановтан ақшаның есебін сұрады

5902
Adyrna.kz Telegram

Елжан мырза, осы уақытқа дейін өзіңізді елжанды азамат деп ойлап едім. Індетпен күресті жарнамалау үшін БАҚ-на бөлінген мына қаражатты көріп, шок алып отырмын. Бір ай бұрын, сіздің рұқсатыңызбен, індетпен ауырып жатқандарды ауруханада арнайы түсіріп, өзіңізден сұхбат алдым.

Алайда, жатар орын тұрмақ, Астанаға барып-қайтатын билетке де денсаулық сақтау министрлігінен ақша бөлінген жоқ, қалтамдағы қаражатты жұмсадым. Ел үшін жасаған қызметімді ешқашан бұлдаған емеспін, бірақ бөлінген қаншама қаражатты:

(SUCCESS K LLP Жобаны бұқаралық ақпарат құралдарымен және PR қолдауымен ұйымдастыру - KZT 696,699,940.00
FIYRMA 800, Киев, Украина -  Әлеуметтік желілерде коммуникациялық науқан өткізу - USD 209,800.00
Караван газеті - KZT 7,350,000.00
Tengrinews.kz - KZT 17,709,600.00
1Kanal Eurasia - KZT 83,305,494.84
Talk show - KZT 49,800,000.00) көргенде, қаның қараяды екен. БАҚ-да жарнама үшін бөлінген 600 млн астам теңгемен төрт ай емес, төрт жыл тоқтамай жарнама жасауға болар ма еді?!

Сосын, Украина әлеуметтік желілерінде Қазақстанның короновируспен күресін жарнамалау кім үшін әлде неге керек болды?!

“Talk show” деген менің бағдарламам емес шығар, әйтпесе, 50 млн-ды көріп, есім шығып отыр.

P.S: Аға, шынымен, қаражат қайда кетті? Қалтаңызды бір қарай салыңызшы!

Аман Тасыған

Пікірлер