Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге төңірегінде студенттерге қатысты мәселеге жауап берді. Оның айтуынша, біздің елде студенттер деген жеке санат жоқ. 42 500 теңге жалдамалы жұмысшыларға, кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға, яғни табысынан айрылғандарға ғана беріледі. Нұрымбетов жоғарыда аталған үш санаттың біріне кіретін студент 42 500 теңге төлем ала алады.
Төтенше жағдай кезінде студенттерге 42 500 теңге төлеудің заңдылығына байланысты бірнеше сұрақтар туындаған.
"Біріншіден, Статистика комитеті пайдаланатын еңбек нарығына қатысты заңдарды алсақ, студенттер халықтың экономикалық белсенді тобына жатпайды. Студенттер қарт адамдар, балалар мен мүгедектігі бар азаматтар сияқты экономикалық белсенді емес топқа жатады.
Екіншіден, еңбек заңына сай, студенттер жұмыссыз азаматтар деп таныла алмайды.
Үшіншіден, медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес, күндізгі оқудағы студенттер жұмыс істемейді деген негізді басшылыққа алатын мемлекет олар үшін медсақтандыру қорына жарна төлейді. Осыған байланысты бізге осы мәселенің заңдылығы туралы сұрақтар туындады, - деді министр.
Қазір осы мәселе қарастырылып жатқан көрінеді. Егер студенттерге жұмыс беруші өтініш берген жағдайда 42 500 теңге алудан дәмелі бола алады.
"Адырна" ұлттық порталы