Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева халықтан сүйінші сұрады. Айтуларынша, еріктілер көмегімен 825 оттегі концентраторының ақшасын жинаған.
"Ал сүйінші!!!
825 АППАРАТ!825 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫ!
825 АУРУХАНА!@aidyn_nury_qory
Иә, айналдырған 5 күнде 825 АППАРАТТЫҢ қаржысын жинап тастадық..Оңай болған жоқ! @dauletten @dinarasatzhan үшеуміз 24 сағат телефонда отырып жеткен жетістігіміз осы болды.. Кішкене көпшік қойып жіберсеңіздер 1000-ға жеткізіп тастауымыз мүмкін. Қалталы азаматтарға жалынып жаздық, өлеңдетіп жаздық..
Кімнен, қалай жинағанымызды айтып миларыңызды шірітпей-ақ қояйын. Кімнің қанша бергенін де айтпай-ақ қояйын.. Себебі қара халықтың тиындап бергені қалталы байдың миллионынан құнды!125 аппарат Түркиядан бүгін жетеді. 700 аппарат 10-15 күннің ішінде Қытайдан келеді. Денсаулық сақтау министрі @alexey_tsoy таратуға көмектесетінін айтып қуантып жатыр..
Айтпақшы, осы оттегі концентраторы туралы идея қайдан шыққанын айтайын. Фейсбукті ашсам қаптаған "иманды болсын", инстаграмда да да сол... Ватсапта да сол. Дәрі-дәрмек іздеп еңіреген халық.. "Түркиядан дексаметазон жібер, антибиотик жібер" деп жылаған жұрт ватсапқа тыным бермеді..
Сонымен, 5 миллион теңгені салып алып, @satjan_toktarbay-ды ертіп Стамбулдан парацетомол мен антибиотик іздеп шықтық...Мен ИВЛ мен концентратор дегенді көрмек түгіл естімеппін. Дәріханада кезекті тұрып "мынау не нәрсе" деп сұрай салдым. Сөйтсем, өкпесі қысылған жұртқа оттегі беретін ең қажетті дүние екен... "Ойбай-ау, бағасы қанша?!" "200 мыңдай!" Өй, жұртты шыбынша қырып бара жатқан аурудың емі түкке тұрмайтын ақша ғой құрсын, осыны алайық дедім. Инстаграмды бір шулатып 25 аппаратты сатып алдым. Ертесіне @kairatzholdybaiuly хабарласып мән-жайды білді де, ақша жинауды бастап кетті. Кеше басқа бір кәсіпкер азаматтар Қытайдан 500 апаратка тапсырыс беріпті деп естідік. Не керек 5-6 күннің ішінде жұрттың бәрі аппарат іздеп кетті... Құдай-ау осыны алыңдар деп неге бізге ертерек айтпады дәрігерлер деп қоям. Ең болмаса 1 ай бұрын қимылдасақ қаншама адамды аман алып қалар ма едік?! Естуімше, көптеген науқастар ауа жетпей тұншығып бастағанда жүректері қорқыныштан жарылып өліп кетеді екен. Айналдырған 3-4 блогер осынша ақша жинағанда бизнесмендер Қазақстанға аппаратты үйіп тастайды ғой. Жағдай ауыр! Күзде тағы келеді дейді бұл тажал. Қамданайық қазағым!", - деді инстаграм парақшасында.
https://www.instagram.com/aidyn_nury
Ақын 1000 аппаратқа ақша жиналғанын, енді ақша жинауды тоқтатқанын хабарлады.
"13 ШІЛДЕ,16.00-ДЕ ТОҚТАТТЫҚ! Біздің қорға аударамыз деп ақша жинап жатқан блогерлер сіздерден өтініш! Ақша жинау ТОҚТАТЫЛДЫ!
1000 АПАРАТТЫҚ АҚШАСЫ ТОЛЫҚ ЖИНАЛЫП БІТТІ! Барлық үлес қосқандарға Алла разы болсын.!", - деп жазды парақшасында.