Әлеуметтік желіде Қырғыз Денсаулық сақтау министрі мен оның орынбасары Германияға емделуге кетті деген болжам айтылуда деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы TUZ.kg сайтына сілтеме жасап.
Алайда, бұл ақпараттың рас – өтірігі туралы нақты дәлелдер анықталған жоқ.
Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі айтылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
Баспасөз қызметінен белгілі болған жалғыз ақпарат, олар ауруханалардың бірінде емделуде.
Денсаулық сақтау министрлігі шенеуніктерінің дәл қандай ауруханада емделіп жатқандықтары туралы ақпаратты жария етпей, расымен құпия ұстау керек-ау. Әйтпесе, бұл ауырғандардың туыстары арасында, ауырып жатқандар арасында, коронавирус пен екіжақты пневмониядан (екі өкпенің қабынуынан) қайтыс болғандардың жақындары тарапынан үлкен дау тудыруы мүмкін.
Денсаулық сақтау министрілігінің өкілдерінен халықтың жауап ала алмай отырған сұрақтары мен шешімін таппай тұрған мәселелері күн сайын өспесе, азаймай отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғыз елінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Айнұр Акматова хабарлағандай, Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі С. Әбдікәрімовтің ПТР-талдауының нәтижесі теріс болған еді. Оған пневмония диагнозы қойылған болатын. Ал оның орынбасары Н. Үсенбаевтың COVID-19 – ға тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен. Олардың жағдайы орташа-ауыр, қанағаттанарлық деп бағалануда. Олар тиісті ем алуда.