Әлемде көптеген адамдар, ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді. Олар әр мемлекеттерге республикаларға иелік етеді,яғни, сол жерлерді мекендеп сол жерлерде тіршілік ету арқылы сол жердің тұрғылықты халқына айналады.Әр азаматтың, әрбір азаматшаның өз елі өзіне ыстық және бағалы.Сол үшін де жастарымыз «өзге елде сұлтан болғанша өз елінде ұлтан болуды» жөн көреді.
Менің елім – Қазақстан.Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстан Республика атауына оңай қол жеткізбегендігі барлығымызға мәлім.
Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналу үшін сан түрлі қиындықтарды бастан өткізді.Сол қиындықтарға төтеп бере отырып, елім деп жүрегі соққан аға-әпкелеріміздің арқасында біз тәуелсіз мемлекетке иелік етудеміз.Қысқасы:
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ,
«Мә»-деп біреу есік ашып берген жоқ.
Тәуелсіздікті арман еткен ата-бабамыз осы жерді, осы елді бізге мұраға қалдыра отырып, өз жандарын құрбан етті. Өз ұлының қамын жиырма бес жыл бұрын , өз елінің қамын елу жыл бұрын ойлаған ата-бабамыз осы елді, осы жерді бізге: «білектің күшімен, найзаның ұшымен» қорғап «мен жастарға сенемін»-деп сенім арта отырып,бізге иелік етуге мүмкіндік берді.Қаншама еңбек пен қаншама терді қажет еткен тәуелсіздікті ата-бабамыз біздерге ерекше минталитетімізді қалыптастырып,салт-дәстүрімізді дәріптеуді тапсырды.Осы тұста өздері де сол дамуға деген серпінді бастап берді десек те артық айтқандық болмас еді. Біз сол кісілерден үлгі ала отырып түрлі елдермен жерлерді бағындырамыз деп емес, Қазақтың мүмкіндігінің шексіз екенін көрсетеміз дей отыра қай салада болсын еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Мейлі спорт болсын, мейлі құрылыс болсын кез-келген салада біз елімізді көркейтуге міндеттіміз.Абай атамыздың сөзімен айтқанда «сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан».Кез-келген мамандық иесі болсақта,кез-келген жерде ойымызда бір нәрсе-еліміздің көркеюі, дамуы тұруы тиіс деп ойлаймын.Біз қай салада болсақта тұңғыш президентіміз ,Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Елімізге үлесін тигізетін -жастар. Сол жастарға мүмкіндік жасау бірінші орында». Ол үшін әр азаматтар мен азаматшалар оқуға деген зейінін арттыра отырып, келешек ұрпаққа да осыны насихаттауға тиіс.Себебі еліміздің ертеңі біздермен тікелей байланысты. Елімізді өркендететін біздер екенімізді естен шығармауымыз керек. Елімізді көркейту үшін біздерде ата-баба жолын дәріптей отырып, еліміздің амандығын тілеуіміз керек. Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін көмек қылуға да ерінбеуіміз керек. Қәзіргінің үлгі тұтарлары адамгершіліктен аттамастан кез-келген көмекке мұқтаж жандар үшін көмегін көрсетіп,игі іс жасап жүргенін де естен шығармағанымыз жөн. Әсіресе елімізде жарияланған карантин аясында көмекке мұқтаж жандардың көптігіне қарамастан барлығына бірдей көмек көрсеткендерді де айта кеткен абзал. Осындай іс-әрекеттер әр бір ғасырдағы,әр бір алпауыт қиындықтарды да еңсере алатындығымыздың дәлелі деп ойлаймын.Әрбір кезеңнің өзіндік қиындықтарына төтеп берген еліміз, қазіргі таңдағы қиындықтарды да артқа тастайтындығымыздың көрінісі деп білемін . Дегенмен, барлығы артта қалады екен деп, жайбарақат болуға да болмайды.Себебі, «Отан -отбасынан басталады». Біз осы отанымыздың бір бөлшегіміз. Сол себепті барлық кезде бірге екенімізді есте сақтай отырып, заң талаптарына да бағынуды ұмытпағанымыз жөн деп ойлаймын.Сонда ғана еліміздің ертеңіне сүрінбей жетіп,дамуына деген мүмкіндіктерді арттыра аламыз.
Түйіндер болсақ, еліміздің ертеңі біздер екенімізді ұмытпастан, қандай жағдай болмасын біздер еліміздің амандығына , көркеюіне , дамуына жауапкершілікті сезіне отырып әрекет жасауға тиіспіз.Еліміздің амандығы-еліміздің көркеюінің кепілі екенін есте ұстайық.Еліміз аман жұртымыз тыныш болғай.
Елім аман болса екен...
Көркейтіп дамытатын біздерді,
Елім аман болса екен түздегі.
Бар жақсыны көрсеткен
Елім аман болса екен...
Қиындықты артқа тастап,
Жаңа өмірді нөлден бастап
Барлығын да қолға алып,
Жағдайлар да оңалып
Жүрсек екен жадырап.
Еліміздің амандығын тілейік,
Барлығын да артқа тастап жүрейік
Аман болса егер-дағы еліміз
Сонда ғана дамимыз,
Соны халқым біліңіз
Көпірбай Шолпан Аралқызы,
Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Көкбел ауылы