Талапкер күнделігі

3995
Adyrna.kz Telegram

Болашақта қандай маман иесі боламын? Бәлкім ата- анамнан сұрап көрейін.  Қайсы мамандыққа ұпайым жетеді сонысына түсермін, аш қалмасам болды әйтеуір.

Иә, қазіргі талапкерлер арасында осы сыңайлы ойлайтындар жетерлік, өз дегенімен емес, өзгенің айтуымен мамандық таңдайтындар , немесе болашақ мамандығын ұпай шеше салатындар көбейді қоғамда. Алайда бұл ең қате шешім! Қазіргі икеміне қарай, жүрек үнін тыңдай отырып болашағыңды жалғастыратын мамандығыңды таба білсең ең дұрыс шешімің осы емеспе?!

Мектепті бітіріп, болашақ мамандығын өз қалауынша таңдайтын талапкерлер сиреп барады. Себеп : меңгерген білімі жоқ, өзі үшін шешім қабылдап үйренбеген. Жай ғана ақшасы көп маман иесі болсам дейді көбісі. Өз қалауың мен икмің  басқа салада болса одан қалай ақша таппақсың? Дұрыс шешім қабылдау үшін талапкер нені ескеруі керек? Осы сан- сауалдың жауабын өз замандастарым үшін іздеп көрген болатынмын.

Кешегі талапкер бүгінгі маман. «31 арнаның» тілшісі , «Информбюро» жаңалықтар қызметінің тележүргізушісі Жанар Жолтаева журналистиканы таңдайтын талапкерлерге өз кеңесін ұсынды.

  • Қазақ тілі мен әдебиетін жақсы оқып, «Абай, Шәкәрім оқуларына» қатысып, тіл байлығын дамытып, көптеген көркем әдебиетті оқуларына кеңес беремін. Күнделікті ақпарат ағынын бақылап отыруға, жаңалықтарды қарауға көркем фильмдердің барлығын білуге шақырамын. Қазіргі заманда ғаламтар бар, көр ақпаратқа қолжеткізуге болады, журналисттің негізі қызметі қандай? болашақта маған қандай жүктеме артылады?бұл мамандық расымен менікі ме? Деген сұрақтарға өз өзіне жауап беруге де кеңес берер едім.
  • Өте ізденімпаз болуы керек, өте ақылды болуы керек және де әділ болуы керек. Себебі журналистикада әр кездеде екі тараптың мәселесі қарастырылады. Біреуі – ақ, ал енді бірі- қара болып тұрады әр кездеде. Сол үшін таразының екі ұшын бірдей ұстап, біреуіне ауып кетпес үшін, журналист бейтарап болуы әрі  өте әділ болуы қажет. Және әділ көзқараспен оқиғаға қарай білуі тиіс. Өйткені біз білеміз адамдар әр кездеде алдауы мүмкін, өтірік айтуы мүмкін, өз пайдасы үшін өзін қорғауы мүмкін, сондай жағдайлар болмауы үшін оған әлбетте , бірінші – білім керек, екіншіден әділетті болуы керек. Және өз мамандығын жанымен сүйуі керек.

Медиа саласына енді ғана аяқ басқан замандастарыма тың мәлімет , пайдалы кеңес болды деген үміттемін.

Кешегі талапкер бүгінгі студент.Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің 3 курс студенті Гүлсезім Талғатқызы дарынды талапкерлермен,  болашақ журналисттерге ақыл- кеңесін берді. Алдағы сұқбат сіздер үшін талапкерлер.

  • Талапкер, егер киелі шаңырақ Қаз ҰУ- ға түскіңіз келсе ең бірінші дұрыс армандай біліңіз. Дұрыс армандау деген қандай? Шын жүрегімен өзіңнің осы мамандықты таңдайтыныңа сенімді болуың керек. Журналистика мамандығы ол- басқа мамандықтар сияқты емес, оның ерекшелігі отпен судың арасында жүреді. Сондықтан осы мамандыққа жету алдындағы күрес- ол жай ғана бір баспалдағы дер едім. Журналистика саласына түскеннен кейінгі жасайтын дүниелеріңіз – өмірлік тәжірибеге айналады. Ендігі талапкерлерге айтар кеңесім мектеп табалдырығында жүргенде осы саланы қаласаңыз ең бірінші оқу. Кітап оқу. Яғни әдебиетке жақын болу, кітап оқып, өз дүниетанымыңмен қоса ақыл- ойыңды, жазуыңды нықтап алу дер едім. Екінші кеңесім – мақала. Сіз, кітап оқысаңыз, сол оқуыңыздан жазуыңыз білініп тұрады қандай деңгейде екеніңізді. Сол жазуыңызбен  мептепте оқып жүрсеңізде қазір мүмкіндік көп, тіпті әлеуметтік желігеде салуыңызға болады, газет- журналдарға, сайттарға берсеңіз болады. Солай өзіңізді жан жаққа көрсетіп, дамытып, мектеп қабырғасында жүріп- ақ, осы журналистиканың алғашқы қадамын бастасаңыз болады. Осы жолда жасаған дүниелеріңіз сізге үлкен көмегін береді деп айта алар едім.

Кешегі талапкердің қазіргі талапкерлерге берер кеңесі танымды әрі пайдалы ақпараттар болды. Талапты талапкер! Ешқашан өзің қаламаған өзге саланың маман иесі болма, бұл сенің және өзгенің өмірі үшін қауіпті болуы мүмкін. Тіпті өзге маман иесіне грант үшін ауысып, болашағыңды бүлдірме.  Ел ертеңі жастардың қолында . Сол үшін дәл қазірден бастап өзің үшін өз салаңды таңда. Мен саған сенемін!

Ердәулет Қалиев

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,

Ортақшыл ауылы

Ғылыми- шығармашылық жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы

Пікірлер