Белгілі актер Дархан Дайырбек өмірден озды

3268
Adyrna.kz Telegram

Белгілі актер Дархан Дайырбектің қайғылы хабарын Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының парақшасы жеткізді.

"Індет-тажал, дерт Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі, кино актер -- ДАРХАН ДАЙЫРБЕКТІ де арамыздан жұлып әкетті.

...Айтуға сөз жетпейді, қабырғамыз қайысып отыр.

1994 ж. Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын Н.Жақыпбайдың шеберлік класынан бітіріп, сол жылдан еңбек жолын осы, біздің театрдан бастаған; Елге дара талантымен: "Күлкі керуені", "Терісқақпай" әзіл-сықақ театрлары арқылы танылған, апталдай азамат, жарқыраған жақсы адам, дархан көңілді ДАРХАНымыз еді... Амал нешік... Бақұл болыңыз!", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер