Лувр мұражайы туралы 7 факт  

31793
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық порталының тілшісі әлемдегі ең әйгілі музейлер туралы мақалалар сериясын бастайды.

Лувр – әлемдегі ең әйгілі және Еуропадағы  тұңғыш мұражай. Ол тек қана тарихи ескерткіш ретінде ғана емес, сонымен қатар ең танымал музей ретінде де әйгілі. Музейде 350 мыңнан астам тарихи жәдігерлер сақтаулы. Бұл тарихи жәдігерлер 60 мың гектар аумаққа орналастырылған. Мұражай әлемдегі ең кең және әсерлі өнер жинақтарының біріне айналғанға дейін, ерте ортағасырлық Парижді басқыншылардан қорғаған король сарайы және бекіністердің маңызды бөлігі болды.

Мұражайдың ашылуы Француз революциясы етек алған тұсқа, яғни 1793 жылмен тұспа-тұс келген. Луврдың ең танымал құндылықтары ретінде – Леонардо да Винчидің Мона Лизасын, көне гректік Венера Милосская мүсіндерін атап кетуге болады.

 

Мұражай Сенаның оң жақ жағалауында, Париждің орталығында орналасқан. Ол алғашында қамал болған. Сарайдың құрылысы сегіз ғасырға созылып, негізін  II Филипп Август қалаған. «Лувр» сөзі француз тілінде мұнара, қамал деген мағыналарды білдірген. XVII ғ. Лемерсье және Лево атты архитекторлар кең көлемде құрылыс жасап, төртбұрыш алаңды салған. 1980 жылы Лувр музейі соңғы өзгеріске ұшырап, архитектор Йо Минг Пей Луврды қайта жобалап, үлкен әйнек пирамидалар салынды.

Лувр пирамидасы сәулетші Йо Минг Пей жобасы негізінде салынған. Әйнек құрылыс материалдарынан салынған. Музейдің биіктігі 21метр, ұзындығы 35 мерт. Пирамида әйнек роибиг, үшбұрыш формасындағы үлгі ретінде жасалған. Музейде Леонардо да Винчи, Рембрантд, Рубенс, Жан Мануель, Веласкес секілді әлемге әйгілі қылқалам шеберлерінің суреттері сақтаулы.

Напольеон Бонапарт тұсында суретшілер Персье Пантеннің басшылығымен Лувр көлемі ұлғайып, Мазарини және Банкир Ябахтың коллекцияларының сатып алынуы музей қорын байытты. XX ғ 90 ж кескіндеме мен мүсіндеме коталогы бойынша Лувр қоры отыз мыңдай болған. 1989 жылы қытайлық сәулетші И.И.Пейдің салынған Лувр шыны пирамидасы ашылып, жаңа басты кіреберіс ретінде қызмет еткен.

Еуропаның атақты мұражайы Лувр 2012 жылы ең көп қонақ келген орын болып тіркелді. Жыл басынан бастап Лувр кассаларында 10 миллион билет сатылған. Бұл дегеніміз бұрынғы көрсеткіштен мөлшермен  1 миллион көп деген сөз. Адамдар аңызға айналған мұражайдың қонағы болуға  әлемнің әр түпкірінен ағылыпты.

2018 жылы Лувр келушілерінің саны 10 млн-нан асты. Лувр-Францияның көркем және тарихи жәдігерлерін коллекциялаудың бай тарихы бар көне мұражайлардың бірі.

 

Енді Лувр мұражайы туралы 7 фактіні атайық.

  1. Лувр әлемнің ең үлкен және танымал мұражайларының бірі, Париждің Норт-Дам немесе Эйфель мұнарасы сияқты салынған.
  2. Лувр жыл сайын 10 000 000 дейін өз ой-өрісін кеңейтуге ниет білдірушілерді қабылдай отырып, Париждің ең көрікті орындарының бірі болып табылады.
  3. Луврдың осындай танымалдылығына VI ғасырдан бастап қазіргі уақытқа дейін 380 000 қайталанбас жауhарлар мен антиквариат жиынтығынтары  себеп болды. Коллекциялардың байлығы бойынша онымен ештеңе салыстырылмайды.
  4. Луврдың ауданы 160 106 шаршы метр. Бұл мұражайды аралап өту үшін 3 ай уақыт қажет!
  5. Француз тілінен аударғанда «Лувр» атауы «Қасқыр орманы» дегенді білдіреді. Сарай бұрынғы аңшылық алқаптарының орнына салынған.
  6. Луврдың ең танымал экспонаттары: Леонардо да Винчи және Венера Милосскаяның мүсіні.
  7. Луврдың мұражай ретінде ресми ашылуы 1793 жылдың 10 тамызында өтті.

Дайындаған:  Гүлвира Асқар,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер