Елорда күні Қазақстанда Мемлекеттік мереке болып саналады."Адырна" порталы Мемлекеттік мереке саналатын күннің қалай белгіленгендігін қысқаша шолып өтті.
1. 1994 жылы 6 шілдеде ҚР Жоғары Кеңесі астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады.
2. 1997 жылы 10 желтоқсанда ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді.
3. 1998 жылы 6 мамырда президент жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.
4. 1998 жылы 10 маусымда жаңа астананың тұсаукесері өтті. Осы күннен бастап 2006 жылға дейін бұл күн Астананың туған күні болып тойланып келді.
5. 2006 жылы Астана қаласы мәселихат депуттаттары Астана күнін 6 шілдеге өзгертті. Датаны өзгертуге 1994 жылғы Жоғарғы Кеңестің шешімі себеп болған.
6. 2019 жылы 20 наурызда екінші президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана атауын Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды. Парламент пен қаланың мәселихат депутаттары қолдағаннан кейін, 23 маусымда тиісті жарлыққа қол қойылып, Астана Нұр-Сұлтан деп аталды.
Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтан қаласының туған күні тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
"Адырна" ұлттық порталы