Аурухана былығын әшкерелеген дәрігер жұмысқа орналасты

6858
Adyrna.kz Telegram

Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде медициналық қолғаптарды видеоға  түсіріп,  жарамсыз  екенін жариялаған Түркістан облысы, Келес ауданындағы Абай ауруханасының хирургі Қайрат Сейдуәлиев жұмысқа орналасты. Бұл туралы Оtyrar.kz хабарлады.

Қайрат Сейдуәлиев бұрынғы жұмысына емес, Сарыағаш ауданындағы Орталық ауруханаға жұмысқа орналасқан.

"Ұсыныс Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінен келді. Өйткені, қазіргі кезде  пандемия жағдайына байланысты өңірде маман тапшы" делінген хабарламада.

Бұған дейін "Адырна" ұлттық порталы  33 жастағы Қайрат Сейуалиевтің  жұмыстан шығарылғанын жариялаған болатын

Хирург  8 жыл бұрын "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен жұмысқа келген. Оған қоса 7 жыл бойы хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.  33 жастағы дәрігердің айтуынша, 2020 жылдың ақпанында жаңа басшылық тағайындалғалы бері оны себепсіз қудалаумен қатар, медициналық құрал-жабдықтарға тапшылық жиілеп кеткен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер