Байқаудың мақсаты – Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, шығармашылыққа бейім жандарды дәріптеу.
Байқаудың міндеттері:
· Жастардың ізденісін артыру;
·Абай есімін дәріптеуге баулу;
· Жастар шығармашылығына көңіл бөлу;
· Ақын-жазушылар, абайтанушылар, журналистер, суретшілер, видеографтар, зерттеушілер, әншілермен байланыс орнату арқылы кәсіби мотивация беру;
· Ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) шығармашылыққа қабілеті бар назардан тыс қалған шығармашылыққа бейім жандарды БАҚ арқылы насихаттау.
Байқаудың жас ерекшелігі: 14-35 жас аралығындағы Жамбыл облысының тұрғындары қатыса алады.
Байқаудың номинациялары:
1-номинация. «Үздік гуманист».
Бұл номинация бойынша қазіргі кездегі қоғамдағы әртүрлі өзекті мәселелерді қоса отырып, Абай Құнанбайұлының 45-қарасөзінің жалғасын яғни 46 қара сөзін жазып шығуға байқау жарияланады.
2-номинация. «Үздік поэзия».
Бұл номинация бойынша Абай Құнанбайұлына қатысты арнау өлеңге шығармашылық байқау жарияланады. Ақтық сынға шыққан үздіктер сахнада өз өлеңімен қоса, Абайдың бір өлеңін мәнерлеп оқып шығуға міндеттеледі.
3-номинация. «Үздік бейнелеу өнері».
Бұл номинация бойынша Абай Құнанбайұлының кескін-келбетін үздік бейнелеуге шығармашылық байқау жарияланады.
4-номинация. «Үздік бейнеролик».
Бұл номинация бойынша Абай есімі дәріптелетін 3D форматтағы анимациялық, т.б үлгілердегі үздік бейнероликке шығармашылық байқау жарияланады.
5-номинация. «Үздік Абай әндерін орындаушы».
Бұл номинация бойынша Абайдың музыкалық мұрасын үздік орындаушыға шығармашылық байқау жарияланады.
Байқау шарттары:
Әр шығармашылық жұмыс abai-festival@bk.ru электронды почтасына алдын-ала жіберіліп, сараптан өткізіледі.
«Үздік гуманист» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Шығарма көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 10 беттен аспау керек.
«Үздік поэзия» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Өлеңнің көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 120 жолдан аспау керек.
«Үздік бейнелеу өнері» бойынша шығармашылық жұмыстар abai-festival@bk.ru электронды почтасына жолдануы тиіс. Сондай-ақ суреттің электронды нұсқасы jpg (300 пиксельден кем емес) түрінде ұйымдастырушылардың электронды поштасына жолдану керек.
«Үздік Абай әндерін орындаушысы» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар abai-festival@bk.ru электронды поштасына жолдануы тиіс. Бейнероликтің көлемі 720p-1080p аралығында.
Бір қатысушы бір номинацияға тек бір жұмыс қана жібере алады, ал жалпы 1 қатысушы байқау аясында тек 2 номинацияға ғана қатыса алады, одан артық жұмыс ұсына алмайды.
Материалдар тек қазақ тілінде қабылданады.
Қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмерін, мекен-жайын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, abai-festival@bk.ru электронды поштасына жіберу керек.
Байқау талаптары:
Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2020 жылдың 1 шілде күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09.00-де басталып, 2020 жылдың 5 тамызында сағат 23:59-да аяқталады.
Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін материалдар байқауға қабылданбайды.
Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына (Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ғылым таппай мақтанба» атты шығармашылық фестиваль) сай болу керек.
Байқау барысы:
Барлық шығармашылық жұмыстар «Адырна» ұлттық порталының «Abai-175» айдарына жарияланады.
Жеңімпаздарды ақындардан, жазушылардан, суретшілерден, кәсіпкерлерден, журналистерден, қоғам қайраткерлерінен жасақталған қазылар алқасы анықтайды.
Жеңімпаздар 2020 жылдың қазан айында Тараз қаласында өтетін қорытынды шығармашылық фестивальде марапатталады.
Әр номинация бойынша қаржылай сыйлықтың көлемі - 75 000 теңге.
Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен, арнайы әзірленген Абай мен әл-Фарабидің мүсіншелерімен, дипломдар, рамкалар, гүл шоқтарымен марапатталады.
Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар:
Объективтілігіне;
Креативтілігіне;
Мазмұнына;
Көркемдігіне;
Сапасына;
Өзектілігіне және т.б. ерекшеліктеріне қарай бағаланады.
Ұйымдастырушылар:
"Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жобасы аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры.
Толық ақпаратты +7 747 933 91 09 нөмірі арқылы біле аласыздар. (Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 арасында ғана жауап бере алады).