"Nur Otan" партиясы қазақстандықтардан 100 мыңнан аса қоңырау қабылдады

2611
Adyrna.kz Telegram

Есеп комитеті «Nur Otan» партиясы» ҚҰ-ның қызметін ұдайы тексеріп отырады. Биыл Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті соңғы үш жыл ішінде бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізді.

«Nur Otan» партиясында Есеп комитеті жүргізген аудит - саяси партияларды республикалық бюджеттен қаржыландыру басталғаннан бері жүргізілген үшінші тексеру. Бұған дейінгі тексерулер 2013 және 2017 жылдары өткен-ді.
Тексеру нәтижелері бойынша қаржылық заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Алдыңғы екі тексеруден соң жасалған ұсыныстарды орындау бюджет қаражатын басқарудың сапасын жақсартты.
Аудит барысында анықталған процедуралық бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданды.
Айқын әрі ашықтық және есептілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, партия 2014 жылдан бастап БАҚ-та өз қызметі туралы қаржылық есеп жариялап отырады.

Қазіргі таңда партияның инфрақұрылымы дамыған, қатарындағы 846 мыңнан астам партия мүшесінің басын біріктіретін 247 филиал, 4 500 бастауыш партия ұйымы бар.

Халықпен тиімді байланыс орнату үшін әр филиалда қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмыс істейді. Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша қоғамдық қабылдауларға 2019 жылдың сәйкес кезеңімен (61,9 мың) салыстырғанда 3,5 есе көп өтініш (218,4 мың) түсті. Оның 98%-ы шешілді, 36%-ы және 2%-ы орындалуда.

Сәуір айының басынан бері партияның аймақтық филиалдарының жедел желі телефондарына 100 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Ал филиалдардың әлеуметтік желілердегі аккаунттарына жазылушылар саны instagram-да 56,9 мыңға, facebook-те 6,4 мыңға көбейді.

Сонымен қатар, партияның сараптамалық және білім беру орталықтары бар. Олар өз қызметі барысында жұмыстарының тиімділігі мен қажеттілігін дәлелдеп отыр. Атап айтсақ, бұл - Қоғамдық саясат институты мен Саяси менеджмент мектебі.

Сондай-ақ, партияның құрамына оған сервистік-қолдау, полиграфиялық қызмет көрсететін «Нұр Отан» шаруашылық басқармасы» ЖШС және партияның республикалық баспасөз құралдары, теле және радио арналары мен интернет-ресурстарының басын біріктіретін «НҰР-Медиа» ЖШС кіреді.

Жастар саясатын тиімді жүзеге асыру үшін партия жанында «Jas Otan» Жастар қанаты жұмыс істейді. Оның құрамында бүгінде 105 мыңнан астам жасотандықтар бар.
Жалпы, жоғарыда аталған ұйымдарды есепке ала келе, партия аппараты 2931 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, былтырдың өзінде ел бюджетіне 1,3 млрд. теңге салық төледі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер