Таңғажайып тағдыр. Фидель Кастро

5317
Adyrna.kz Telegram
USSR. February 1, 1976. Victor Koshevoy/TASS

ÑÑÑÐ. 1 ôåâðàëÿ 1976 ã. XXV ñúåçä ÊÏÑÑ. Ïåðâûé ñåêðåòàðü ÖÊ Êîìïàðòèè Êóáû, Ïðåìüåð-ìèíèñòð Ðåâîëþöèîííîãî ïðàâèòåëüñòâà Ðåñïóáëèêè Êóáû Ôèäåëü Êàñòðî Ðóñ âî âðåìÿ âûñòóïëåíèÿ â Êðåìëåâñêîì Äâîðöå ñúåçäîâ. Êîøåâîé Âèêòîð/Ôîòîõðîíèêà ÒÀÑÑ
USSR. February 1, 1976. Victor Koshevoy/TASS ÑÑÑÐ. 1 ôåâðàëÿ 1976 ã. XXV ñúåçä ÊÏÑÑ. Ïåðâûé ñåêðåòàðü ÖÊ Êîìïàðòèè Êóáû, Ïðåìüåð-ìèíèñòð Ðåâîëþöèîííîãî ïðàâèòåëüñòâà Ðåñïóáëèêè Êóáû Ôèäåëü Êàñòðî Ðóñ âî âðåìÿ âûñòóïëåíèÿ â Êðåìëåâñêîì Äâîðöå ñúåçäîâ. Êîøåâîé Âèêòîð/Ôîòîõðîíèêà ÒÀÑÑ

Құдай сүйген құлын сақтаймын десе, қалай болсын сақтайды екен-ау. Кубаны жарты ғасыр билеген Фидель Кастро 638 рет жасалған қастандықтан аман қалған мысалы. Небір қитұрқы қастандықтың өзінен періштесі қағып, құтылып кетіп отырған.

Мәселен, екі снайпер Кастроға шабуыл жасайтын кезде біреуін машина қағып, екіншісі аяқ асты соқырішек болып, жоспар жүзеге аспай қалады.

Енді бірде оған америкалықтар туберкулез түтікшесі салынған акваланг сыйламақ болады. Қастандық туралы білмеген америкалық адвокат Донован мұндай сыйлықты Кастроға лайық көрмей, оның орнына қымбатын сатып алып, әлгі Кастроға арналған аквалангты өзі қолданып, көп ұзамай көз жұмады.

Үшінші рет барлау қызметі су астынан соққы беретін кезде дауыл тұрып, табиғаттың өзі жауларының жоспарына кедергі жасайды.

Одан бөлек қаламға, темекіге, теннис добына жарылғыш зат жасырып, жауыздық ұйымдастырғанда да адам айтса нанғысыз себептермен ажалдан аман қалған. Мистика дерсіз...

Әйтеуір не керек, Куба революционері осылайша ең көп қастандық жасалған билеуші ретінде Гиннесс рекордтар кітабына енген.

Ал 1960 жылы БҰҰ отырысында 4,5 сағат, 1986 жылы Коммунистік партия съезінде 7 сағат сөз сөйлеп, оратор ретінде екінші рет Гиннес рекордтар кітабына енеді. Күні бүгінге дейін бірде бір билеуші оның бұл рекордын жаңартпаған.

 ЖЕКЕ ӨМІРІ

Кастроның жеке өмірі жайлы да аңыз жетерлік. Ұзынқұлақ төсегінде 35 мың әйел түнеп шыққан дейді❗️ Сегіз баласының ішінде үлкен ұлы Фиделито ғана заңды некеде туған. Оның шешесі Мирта Диас-Баларт Куба министрінің қызы. Кубалық қыз-келіншектерге ұқсамаған, ерекше әдемі блондинка. Кастро оны алғаш көргенде достарына: «Мен осы қызға үйленемін»-дейді. Ал достары министрдің қызына үйлену мүмкін еместігін айтады. Бір жылдан кейін дегеніне жетіп, үйлену тойы өтеді. Ерлі-зайыптылар бірнеше жыл тату-тәтті тұрады.

Алайда 1950 жылдардың басында, Кастро революция ісіне білек сыбана кіріскен тұста Нати Ревуэльта жолығады. Нати – жүзіне құрбысы көз тоқтатпай өтпейтін сұлу келіншек болған. Ол кезде тұрмыста, күйеуі егде жастағы дәрігер. Бірақ бұл Кастро мен Натиға кедергі болмаған. Нати оған генерал Батистаны құлату жолында революциялық жоспарын жасасып, көп көмек көрсетеді. Кастро бірінші әйелімен ажырасқаннан кейін, Нати оған Алина есімді қыз туып береді. Осы қызы 1993 жылы жасырын түрде Америкаға қашып барып, әкесінің жеке өмірі жайлы бар құпияны жайып салады. Осы оқиғадан кейін Кастро қатты жақсы көрген қызының есімін өзі тұрған жерде атауға тыйым салған.

Кастроның қалған бес баласы ширек ғасыр азаматтық некеде тұрған әйелі Делив Сотодан туған. Үш ұлының атын Алексис, Александр, Алехандро деп Александр Македонскийдің құрметіне қойған.

Тағы бір баласы гаваналық Ампаро есімді әйелден. Тағы бір көңіл жарастырған әйелі, өзінің хатшысы болған қызуқанды Селия Санчос 80 жылдардың ортасында өз-өзіне қол салып, көз жұмады. Ең соңғы әйелінің есімі – Далия Сото дель Валье.

ҚЫЗЫҚ ДЕРЕКТЕР:

Солақай.

Сүйікті жазушысы Эрнест Хемингуей.

Ас әзірлеуді ерекше жақсы көрген.

Кастроның режимін құлатуға тырысқан Америка билігі бірде кубалықтарға Америкаға көшуге ұсыныс жасайды. Сол кезде Кастро ел түрмелеріндегі қауіпті қылмыскерлерді босатып, мәжбүрлі түрде Америкаға депортациялап жібереді.

Барлау агенттері тіпті оны таллий тұзы арқылы сақаланынан да айырмақшы болады. Ал Кастро бұған: «Сақал қырмасаңыздар күніне 15 минут, ал жылына 10 күн үнемдейсіздер. Согда бұл 10 күнді кітап оқуға, жұмыс істеуге, спортқа жұмсауға болады»-деп жауап берген.

Кастроның әкесі жер аударылып келген имигрант. Біртіндеп жер алып, қант плантациясын иеленіп, жағдайы көп-көрім көтеріледі. Шешесі әкесінің қол астында аспаз болған. Олар дүниеге бес баласы келгеннен кейін ғана заңды түрде некелеседі. Өздері оқымағанымен балаларына жақсы білім беруге тырысқан.

P.S.: Матрицасында үш үштігі мен екі сегіздігі болған. Өте қабілетті, харизмалы адам. Мыңдық белгісі бар. Бұл атақ пен ақшаның белгісі. Жұлдызы – Арыстан.

Ақбота Әбілтай

Пікірлер