Дәрігер: Коронавирус диагнозы қойылса қорықпау керек

4181
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Динагүл Баешева Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Коронавирус диагнозы қойылды дегенде шошымау керек. Себебі, бұл вирус тұмау сияқты тарап кетті, одан қорқудың жөні жоқ. Дерттен жазылып шығу үшін тиісті шараларды орындау қажет. Яғни, ең алдымен оқшаулану, санитарлық-гигиеналық талаптарды орындап, бөлмені жиі желдетіп, дезинфекция жасап отырсаңыз, соның өзі сізге үлкен көмек болады. Ал, егер дене қызуыңыз көтерілсе, демек, сіздің вирусқа қарсы тұратын күшіңіз бар деген сөз. Алғашқы үш күнде температура көтерілуі мүмкін. Дене қызуын ағза көтере алуы үшін күш керек, демек, дұрыс тамақтану қажет. Рационның нәрлі болуын қадағалап отырыңыз. Температураны елемей, өзге де істермен айналысуға болмайды, вируспен күресу жайын ойлау керек. Ауруды асқындырып алмау жағын ойласаңыз, аман-есен жазылып шығасыз, - деді ол.

Динагүл Баешева вирус 60 жастан асқан адамдарға қауіпті екенін ескертті.

Әсіресе, қосымша созылмалы аурулары бар адамдар, яғни жүрек ауруы, өкпе, бауыр, бүйректың созылмалы аурулы, артық салмақ және қант диабеті бар адамдардың денсаулығына мұқият болу қажет. Бұл аурудың тағы бір ерекшелігі – оның көзге көрінбейтін клиникасы бары. Егер қандай да бір жақыныңыз немесе танысыңыз "бір апта болды, ентікпе пайда болды, шаршап қаламын" деген болса, міндетті түрде дәрігер шақырыңыз. Қазір ауырып жатқан адам көп, қоңырау шалғанда жедел жәрдем қызметіне бірден түсе алмауыңыз мүмкін. Сонда да түсіністік танытып, қайта хабарласыңыз немесе өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге ауру белгілерін айтыңыз, - деді ол.

Пікірлер