Еуропалық одақ Украинаның Қырым және Севастополь аймағын заңсыз басып алғаны үшін Ресейге қарсы санкцияны тағы бір жылға ұзартты. Бұл жөнінде Centralasian Еуропалық одақ кеңесінің мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.
Аталған шектеуге сәйкес, Қырым аймағына инвестиция құюға және қызмет көрсетуге тиым салынған. Оған қоса Қырымдағы кәсіпорындар өнімдерін Еуропалық одаққа экспорттай алмайды.
Ресейге Қырымды заңсыз басып алды деп айып таққан АҚШ та санкция салып келеді.
Ресей 2014 жылы Украина қарсылығына қарамастан Қырымды референдум өткізу арқылы аннексиялады. Сол себепті Батыс елдері Ресейді халықаралық заңдарды өрескел бұзды деп санайды. Ал Ресей болса, "түбекті қайтарып, тарихи әділеттілікті қалпына келтірдік" деп есептейді.
"Адырна" ұлттық порталы