Тас бітіктердегі жазу тарихы

5114
Adyrna.kz Telegram

«Тас бітік» дегенде есіме  ақын, Еркебұлан Қайназаровтың:

  • «Бабасы құран жаттаған,

Баласы жыр-ән жаттаған.

Мен Қазақ деген ел едім,

Тарихын тасқа қаттаған...», - дейтін  өлең жолдары түсіп кетеді. Әр сөзі атан түйеге жүк болар азулы ақынның айтқан бір ауыз сөзінде бүгінгі мақаламыздың өзекті ойы жатыр. Әңгімемізді арыдан бастайық. Жартас бетіндегі сызбалар мен тас үңгірлердегі суреттер жалпы адамзат баласының, соның ішінде Түркі халықтарының ой-санасының, өмір сүрген ортасының, түрмыс-тіршілігінің көрінісі, өркениетке деген алғашқы талпынысы. Тас бетіндегі сызбаларға қарап отырсаңыз, олар сізге сол заманнан сыр шертеді. Мысал келтірейік. Ең алдымен сіз сол заманғы адамдардың күнделікті тұрмысынан хабар аласыз. Яғни, мал бағып, аң аулап жүрген адамдар сол кездегі бақташылық пен аңшылық өмірді көз алдыңызға әкеледі. Жеті жасар баласынан, жетпістегі шалына дейін ат құлағында ойнаған  Түркі халқы ежелден батырлыққа кенде болған емес. Сол батырлардың бейнесін ұрпағына ұлықтау үшін тас бетіне олардың ерліктерін ойып жазған. Жартас бетіндегі қаз-қатар тізілген сарбаздар сол батырлардың бейнесі деп ұғыуымызға әбден болады. Одан барып бабаларымыздың «қу ағашты сөйлеткен» даналығы мен халықтың сол кездегі көркемөнерлік бейнесіне куә боламыз. «Қара жорға» биіне ұқсақ қимыл жасап тұрған, домбыра шертіп отырған адам бейнелері біздің бойымыздағы көркемөнерге деген талант бостан бос келмегенін, сол бабаларымыздан  дарығанын аңғарамыз. Сонымен қоса,  жартас беттеріндегі ою-өрнектер мен біздің қазіргі тұрмысымызда қолданып жүрген оюлармен үндестігі. Мұны жайдан-жай сәйкестік емес, қайта ұрпақ үндестігі деп ойлаймын. Және бір мән берерлік дүние – жартас бетіндегі адамдардың киім үлгілері. Әдетте жартас сызбаларындағы адамдарға назар аударсаңыз көбінде әйелдері ұзын көйлек кигенін, ерлері желкелігі бар түлкі тымақ кигенін байқаймыз. Бұл киім үлгілері қазіргі халқымыздың ұлттық киім үлгілерімен ұп-ұқсас. Және бір астын сызып айта кететін дүние жартас суреттерінде көптеп кездесетін жалау көтерген адам бейнесі, нұр шашып тұрған күннің бейнесі. Менше бұл сол кездегі Түркі халқының тәңірге деген табынушылығымен біте қайнасып жатады. Міне осы сяқты басқада көптеген жартас бетіндегі «ақпараттар» бізді түркі әлеміне тіпті де жақындата түспек.

Осылайша тәңіріне табынған дала халқы – Түркілер бір кездері бастарына бақ қонып, атының тұяғы жеткен жердің бәрін жаулады. Олар тек қана ел жаулап қана қойған жоқ, озық өркениетке жетті. Неге олай айтпасқа?!  VII – VIII ғасырларда біздің бабаларымыз поэзия жанырының темірқазығы болып саналатын, «Күлтегін», «Тоныкөк» сынды шоқтығы биік дастандар жазып қалдырса. Ал енді сол кездегі өзге елдерге бір қарайлайықшы. Мысалы орыс халқы осыдан бес ғасыр өткен соң барып өздерінің алғашқы жырларын жазды. Бүкіл әлемді өзі жаратқандай болып отырған Еуропаның көп елдері жыр түгілі ол кезде жазудан бейхабар болатын, ал, «әлемге қожамын» деп отырған Американы ол кезде адам емес, жабайы маймыл жәйлайтын. Міне осылардың барлығы Түркілерің адамзатқа жасаған жақсылығы, өркениетке салған сара жолы деп айтуымызға әбден негіз бар.

Енді Түркі әлеміндегі тас бітіктердің ең киелісі болған «Күлтегін», «Тоныкөк» жырлаына тоқтала кетейін. Жырда жазылғандай қара терін, қара қанын ағызып жүріп ел басындағы қара бұлтты сейілтіп, өз тұсында Түркі қағанатының шаңыраған шайқалтпай ұстаған батыр ерлердің ерлік дастаны бүгінгі ұрпағына үлкен мұра. «Ер етігімен қан кешіп, ат ауыздығымен су ішкен» алмағайып заманда елі үшін отқа түскен ерлердің бас-аяғы бұлар емес әрине. Дегенмен Тоныкөктің өзі:

  • «Мен, Білге Тоныкөкпін,

Елі

Табаған жұртына қараған,

Көкірегінде

Соры көппін.» -деп жырлағандай балапан басына, тұрымтай тұсына тартқан сол бір заманда Түркі қағанатының керегесін ыдыратпау үшін қан жұтқан бабаларымыздың асқақ рухы бізге қымбат.

Тас бітіктердің тарихын жоғарыда қысқаша баяндап кеттім. Енді бабамыздың көзіндей болып қалған осы қол жетпес құнды мұраны біз қалай түйсініуіміз керек?! Сол жәйлы аз кем айта кетейін. Бір шеті қазақтың салт-дәстүрімен ұштасып жататын бұл тас бітіктер ең бірінші «өзін жоғалтқан» ұлтқа, сол ұлттың ертеңі болған біздерге рухани медет, түпсанаға апарар жолдағы бет түзейтін құбыламыз бомақшы. Олай дейтінім, біздің санамыздың күңгірттеніп кеткені соншалықты, ата-бабамызбен арамызда «олар» және «біз» деген асу бермес алып қамал жатыр. Ең қорқыныштысы бұл емес, ең қорқыныштысы – біз сол қамалдан асуға талпынбаймыз. Қазақта «жақсы әке жаман ұлға қырық жыл азық» деген тәмсіл бар. Ал жақсы баба ше? Ол қанша жыл азық болмақ? Біз қашанғы «олардың» ерлігімен, даналығымен, көрегендігімен, батырлығымен мақтана береміз? Біз неге солар салған сара жолмен жүруге ұмтылмаймыз? Міне,  біздегі алшақтық қайда жатыр...

Қазір әйтеу «Қазақ» деген ауыздың бәрі сүйкімді. Бірдемені ұрандатуға дайын тұратын халықпыз ғой. Тәуелсіздік алғаннан кейін бір-ақ күнде қазақ болып шыға келдік. Түк болмағандай. Ешкім сол уақытқа дейінгі ұлттың жоғын жоқтаған жоқ. Ұлттық тамыры болады емеспе? Біз соны тереңдетуге әрекет етпедік. Құр әшейін ұран болып қалды. ал тамыры таяз ағаш жел соқса құлап қалатынын білетін боларсыздар. Біз сонда жел соқпаса екен деп тілегенмен  Құдайдың желі соқпай қоймайды ғой. Сол сяқты ұлтты сүріндіретін қиыншылықтар да болмай қоймайды. Өз-өзімізді алдағанмен іс бітпейтінін түсінетін кезіміз келді ғой. «Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды» деп Абай атамыз айтпақшы сөздің бәрі тас бітіктен шықты ғой, біз сол тас бетіндегі сызбалар мен жазуларған жіті назар аударсақ, жан тәнімізбен түйсінсек, бойымыздағы Түркілік рухтың оянары хақ. Сызбасы бар жартастардың орналасқан жерлерін құныттап қарасаңыз кезінде бабаларымыз қоныс еткен – Ұлы дала. «естігеніңді айтпа, көргеніңді ай» депті ғой біреу. Менде бір көрген дүниемді айтайын. Қазақтың ғана емес, исі Түркінің күл төккен ата қонысы болған Алтай жерінде осы жартас сызбалары көптеп орналасқан. Мазмұндары да сан алуан. Бұл тегіннен тегін емес, байызап қарасаңыз басынан бағы тайған Түркілер мен ері мылтық, қатыны бесік алып үдіре босқан қазақтың тағдырынан сыр шертіп тұрғанай.

 

Бердіхан Әкбар,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

Журналистика факультетінің  3 курс студенті

Пікірлер