Түркия Қазақстан арасындағы әуе жолдары таяуда ашылады

3417
Adyrna.kz Telegram

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов Түркиядан Қазақстанға рейстер маусым айында басталатынын мәлімдеді.

«Осы жылдың 1 мамырынан бастап ішкі рейстер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Рейстер аптасына 340 рейспен 44 бағытта орындалады. 188 мыңға жуық әуе билеттері сатылды. Халықаралық рейстерді де кезең-кезеңімен қалпына келтіру жоспарланған. Осы жылдың маусым айында біз Түркия мен Қазақстан арасында халықаралық рейстер ашуды жоспарлап отырмыз.  әрі қарай, эпидемиологиялық жағдай жақсарған сайын біз әлемнің басқа елдерімен рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз », - деді ол үкімет отырысында.

Атамқұлов бұған дейін ведомствоаралық комиссия отырыс өткізіп, онда 1 маусымнан бастап үш елде: Корея, Қытай және Әзірбайжанда рейстерді қалпына келтіру мәселесін зерделеуге шешім қабылданғанын айтқан.

«Келесі кезең: Германия, БАӘ, Чехия және Таиланд. Мүмкін біз Польша мен Венгрияға рұқсат аламыз. Бұл екінші кезең. 15 маусымнан кейін мен әрдайым өзімнің әріптестеріммен байланыстамын, жақында Түркияның көлік министрімен сөйлестім. Олар 20 маусымда өздері шешті.  Анталияға рейстер ашуға мүдделі, біз жұмыс істейміз », - деді министр.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер