Едігенов Нұрлан. Әдемі гүл немесе сұхбат алаңы

4454
Adyrna.kz Telegram

    (Әңгіме)

"Бала кезімізде жақсы көру деген сөзді ерте ұғындық. Бала жүректің ең алғашқы ғашық сезімі бірінші сыныптан басталды. Шіркін! Қазіргіден қарағанда сол кездегі бала махаббат керемет еді. Шынайы сезім, адал ниет, ақ жүрек болатұғын. Кей кездері сол бала махаббатқа кері оралғын келеді. Амал не уақыт ағын судай сырылдап жатыр. Оны бір қалыпты қылып тоқтатуға шамамыз келмейді. Тіпті мүлдем келмейді. "-деп ақын көзіне жас алды. Ақын мен сұхбатқа келген әлгі журналист қызда бір түрлі болып ыңғайсызданып қалдыда сәл кідірістен кейін сұрақтарын жаңбырша жауғызды.

Журналист қыз: -Сіздің балалық махаббатыңыздан естеліктер қалдыма және соны бізге айтып берсеңіз?

Ақын: - Әрине қалды. Балалық яғни ең алғашқы махаббатың мәңгілік жүрегінде сақталады екен. Сол бір кездердегі естеліктер көз алдыңнан кетер емес. Кеткенінде қаламаймын. Мен, қолыма қалам алып өлең жазған күннен бастап ең алғаш қалам ұшындағы сиясы кеппеген жаңа өлеңде сол алғашқы мен ғашық болған соған асық болған қырдың қызына арналып еді. Есімде қалғаны,

"Құлпырып дала гүліндей,

Неге жүрсің көрінбей?

Көше жақта жүретің едің,

Аман-есен сүрінбей" - деп жазып едім

Енді балғын жыр болғасын ол кездері ұйқас қуатын едік. Өлеңде теңеу, буын-бунақты білмейтін едік. Әйтеуір шала шабыт келдіме соны міндетті түрде дәптер бетіне түсіруге асығатынбыз. Менің бір дәптерім болды  " Г-ге" деген ішінде ұзыннан шумақ жазылған өлеңдер топтамасы. Әйтеуір дәптердің жиігінде гүлдің суретін толтырып салатынмын. Содан бір күні ол дәптерді анашым тауып алып күліп еді. "-Сені ақын қылған осы Ерланның қызы болар" - деп. Ол кездері тек қана бүкіл жазған өлең сол қызға арналатын. Оның бала кезіндегі әдемілігінен ұялып сабақ айтпайтынмын. Қатты ұялшақ болдым, ұяң болдым. Дегенмен құдайдың көзі түзу ғой. Кейін өсе келе менде пысық бола бастадым. Ммм… бірақ ол бойжеткеннің мінезі бір түрлі болды. Тікбақай, кергіштеу. Оқушы кезінде осындай болды. Мына ақымақ жүрек сол кездері сүмір болдыма көп қарым-қатынас,яки араласып сөйлесуге әлсіздеу еді. Сыныптағы барлық ұлдар сол бойжеткенге ғашық болды.

Журналист: - Сөзіңізді осы жерден бөлейін. Сіз жұмбақтап отырған бойжеткенді сипаттап бере аласыз ба?

Ақын:   - Осы журналисттердің сұрағы көп. Ол бойжеткен әдемі еді, жайдарлы еді, ботадай қара торы көзі бар, бой аласа, сүмбіл шашты ару еді. Басқасы басқа өзіме қатты ұнайтын. Хор қызына теңейін десем бұ жалғаннан хор қызын көрген емеспін. Көбісі сүйгендерін хор қызына теңейді. Мен осыларды түсінбеймін. Хор қызын көріп па еді? Әсте көрген емес,
сондықтан менің пәлсапамда ұнатқан қызын хор қызына теңеу өте қиын. Сосын күнә деп те айта аламын. Қысқасы осы қарағым артық теңей алмаймын. Көз тиеме деп, сөз тиеме деп қорқамын.

Журналист: - Жақсы аға. Философияңыз өте тереңде екен. Өзіңіз ұнатқан қыздың отбасын білесіз бе? Олар сізді танима дегендей?

Ақын: - Біздің ауыл адамның алақаны сияқты, кішігірім ауыл. Ауылдың адамдары бірін-бірі таниды. Ол атақты шабанның немересі. Атын атап, түсін түстегім келмейді. Бірақ анау-мынау емес КСРО-ның лауреаты атағын алған шабан.  Ауылдың шет жағындағы "Қосай" көліне қарама-қарсы Тәуелсіздік көшесінде тұрады. Бұрынғырақ оқушы кезімізде сол үйге жие баратын едік. Сондағы ой қалайда сол бойжеткенді көру. Кейде есік алдында ойнап жатырғанда атасы гараждан ақ жөгелейін шығарып немересін Кондивин елді-мекеніне алып кететін. Біздер сол ай-май деп үйге барамыз. Жалпы ақын-жазушы адамдарға "Муза" табу өте қиынғой. Сол себепті біздер шама-шарқымыз келгенге кішігірім естелік, оқиғалардан шабыт аламыз.

Журналист: - Муза демекші ақын аға сол бойжеткен сіздің музаңыз болды ма?

Ақын: - Болса болған шығар. Ол болмаса мен не деп өлең жазам. Ол болмаса білмеймін мен тіпті махаббат аялдамасынан әуел бастан қалып қоятын сияқты болып көрінген. Мен оның бір фотосын шығарып алып кітап жинайтын сөреме іліп қоятынмын. Сол бір нәзік бейнеден шабыт алатынмын. Кейде ойлаймын ол менің өлеңдегі музам болды.

Журналист: - Нұр аға қайтадан оқушы кезіңізге оралайық. Сіздер сол бір уақытта қырық пышақ болдыңыздар. Не себепті?

Ақын: - Кереметсіңдер сендердің білмейтіндерің жоқ. Сіздерге барлығы қызық және керек екен. Расында солай болдық. Ол мені ұнатпайды, мен оны ұнатқанмен. Бәлкім соданда шығар ит пен мысық болдық. Ол кездегі жағдайларға ренжейтін орным жоқ негізі. Болғанда емес. Ол кездері махаббат мұнарасы биіктеген кездер еді. Әй, журналист қыз, қарындасым сұрақтарыңды азайтарсыз бәлкім. Менің де, сөйлей-сөйлей жағым талды.

Журналист: - Аға енді бір-екі сұрақ қалды. Соған жауап берсеңіз. Сол сұлу бойжеткенді көріп тұрасыз ба?

Ақын: - Ия, көріп тұрамын. Оралда тұрады. Білдей облыстық кітапханада жұмыс жасайды. Аллаға шүкір жақсы араласып тұрамыз. Сыйластығымыз молынан болғай. Құдайдан тілейтінім ол аман жүрсің. Басқа айтарым жоқ. Оның әдемілігі талай. Ақжайық жігіттерін таңқалдырған. Қазақта айтады ғой "Анасы қыз туса, бүкіл сұлулығын қызына береді" - деп. Сол оның анасы бүкіл сұлулығын қызына берді. Қайткенменде  қызбала анасынан қарағанда, әкесіне жақын болады. Ол әкесінің жекеменшік қызы. Кейде (ОСЫ ЖЕРДЕ ОРЫСША АЙТАЙЫН) мамасына да, папасына да ұқсайды.

Журналист : - Қазақта "Ат айналып қазығын табар" деген мақал бар еді. Сіз сол қазықты таптыңызба?

Ақын: - Қазақта мақал көп. Қазығымызды тапқаннан не пайда? (күліп) оның да бір ұнатқаны бар болса. Бірақ жасым жиырмаға келсе де балалық сезім әлі суыған емес. Өйткені ол менің поэзиямдағы " Музама" айналды. Әрине бұған дейін ол туралы  "Ерке қыз", "Әдемі шыбыш",  "Құрдасыңның әзілі" деген тақырыптарда сатира жанында біраз дүниелер жазылды. Ол менің өмірлік және архивімде қалатын алғашқы музам.

Журналист: - Сіз қайтадан сол бойжеткенге шынайы сезіммен сөз салмайсыз ба? Ол ойыңызда барма? Оныңда ерте-кеші жоқ сияқты ғой?

Ақын: - Жоқ… Олай істей алмаймын. Біріншіден оның ұнатқаны бар, екіншіден оның сол ұнатқанымен бақытты болғанын қалаймын. Тағы айта кетер жағдай менің әулетім қара көмір оның әулеті жылтырлаған алтын ,сондықтан рухани һәм материалдық жағынанда келіңкіремейміз. Қысқасы осы. Менде құдайдан тілейтінім болашақ жарым, ибалы, иманды, мінезіне көркі сай болғанын қалаймын.

Журналист: - Жақсы ақын аға. Сұхбатыңызға рахмет. Аман-сау болыңыз. Жақсы күндерде кездесейік. Шығармашылық жолдағы шабытыңыз шарықтай берсін.

Ақын:-Әнәу диктафонынды айырып таста. Керек жерлерін аларсың. Керек емесін қиып тастарсын. Үйден құр кетпе жүр ыстықтай шай ішіп алайық - деп ақын мен журналист дастархан басында қайтадан сұхбат құрды. Ол сұхбаттың сыры бір Аллаға аян.

 

Едігенов Нұрлан,

проза жанры бойынша "Қазақстан үздігі" медалінің иегері

 

 

Пікірлер