Ақсукентте тастап кеткен нәрестенің жағдайы бірқалыпты

2917
Adyrna.kz Telegram

Бүгін күндізгі сағат 10:00-дер шамасында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент қаласының Рустемова  көшесіндегі үйдің артқы жағындағы жаяу жүргіншілер көшесінің бойына белгісіз адам жаңа туылған тірі нәрестені тастап кеткенін хабарлаған едік.

Осы оқиғадан кейін журналист, қоғам белсендісі әрі осы істің куәгері  Рүстем Ашетаев Сайрам ауданының орталық перзентханасына барып, оның меңгерушісінен нәрестенің жай-күйін біліп қайтты.

-Нәрестенің жағдайы бірқалыпты. Әзірге өміріне ешқандай қауіп көріп тұрған жоқпыз, - дейді Кенжебек Құдайқұл

"Жекеме асырап алу жайлы сұрап жатқандарға айтарым: бұл мәселенің анық-қанығы тергеу амалдары біткеннен кейін белгілі болады.
Әзірге, баланы асырап алу жолдарын Балалардың құқығын қорғау комитетінің  8 7172 74 19 32 номеріне  жұмыс күндері хабарласып білсеңіздер болады.

Нәрестенің өмірі ұзақ болсын!", - дейді Рүстем Ашетаев

Рүстем Ашетаевтың сәбиді тауып алған сәті

 

Сондай-ақ ол  нәрестенің ұрланып не басқадай жағдайлар себеп болуына байланысты біреуді жамандаудан аулақ болуға шақырды. Тергеудің нәтижесі бар шындықты ашады дейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер