Бүгін күндізгі сағат 10:00-дер шамасында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент қаласының Рустемова көшесіндегі үйдің артқы жағындағы жаяу жүргіншілер көшесінің бойына белгісіз адам жаңа туылған тірі нәрестені тастап кеткен.
Қонақта отырған маған сол үйдің егесі байқап қалып, аталған жағдайды айтқаннан кейін, дереу сол жерге барып нәрестені өз жаялығымен қымтап, жедел жәрдем мен полицияға хабар беріп, оқиға орнынан фото-видео және тікелей эфир түсірдім.
Тергеушіге куә ретінде барлық мән-жайды түсіндіріп бердім.
Бірақ, жас баланың құқығын ескерегендіктен, әрі жедел іздестіру тобының жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында тікелей эфирімді парақшамнан алып тастадым. Сайрам аудандық полиция басқармасы осы істі соңына дейін жеткізіп, кінәлілер өз жазасын алады деп сенемін. Ешкімді кінәлағым келмейді.
Тек...
НӘРЕСТЕНІҢ ӨМІРІ ҰЗАҚ БОЛСЫН!
АДАМ БОЛЫП ТУЫЛҒАН СОҢ, АДАМ БОЛЫП ҚАЛАЙЫҚ.
Рүстем Ашетаев