Қазақстанда тағы бір саяси партия құрылуы мүмкін. Қоғам белсендісі Рүстем Ашетаев шынайы халықтық партия құрғысы келетінін жариялады.
"Қоғам үні" социал-демократиялық партия ашамын!
Әзірге басты ережесімен таныстырайын.
Барлық өңірлерде филиалдары жұмыс жасап тұру үшін, бір жылда 200 миллион теңге жұмсалып отыруы керек болады.
200 миллионды 20 мың мүшесіне бөлсек, 10 000 теңгеден тиеді екен.
Қосымша:
- ТВ-ға роликтік жарнамамызға;
- үгіт-насихат жұмыстарымызға;
- партиялық жұмысының заңдылықтарын үйрету курстарына т.б. жүмыстарға шығындары бар.
Сондықтан:
1) Барлық партиямызға тіркелгісі келетін азаматтар 15 000 теңгелік жылдық жарнасын төлеуге;
2) Саяси сауаттандыру, сенімді уәкіл болу, партия бағдарламасын түсіндіру, митингі т.б қосымша жиындарға қатысып отыруға;
3) "Өзімбілермендікпен" кез-келген жерде ойына келген мәлімдеме жасамастан, партияның шешіміне бағынып, партияның ұстанымымен үндесетін мәлімдемелер жасауға ғана;
4) Өз еркімен төлеген жарнасы автоматты түрде партияның меншігіне өтетіндіктен, жарнасының "тарихымен" танысу үшін тек қана партия төрағасына шағымдануға;
5) Ұсыныстар тек қана партия басшылығына жолданып, сол ұсынысына партия жиынында қабылданған шешімге бағынуға міндетті;
6) Күресіміз парламенттен бөлек, филиалдарды барынша күшейту болмақ. Сондықтан, алдымен әр өңірдің мүшелері жергілікті маслихаттардағы орындар үшін күреседі;
7) Парламентке баратындарға арналған ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМ ДЕГЕН БОЛМАЙДЫ !!!
Әзірше талаптарым осындай.
Әрбір партияның жұмысына осындай орасан зор қаржы керектігін, жоғарыда көрсеткендей негізгі талаптары болатынын түсінген боларсыздар?!
Кез-келген партия өзін-өзі қаржыландыруы керек. Егер де, белгісіз қаржы көздерімен қаржыландырылатын партиялар болса, онда, ол партия белгісіз қаржылы азаматтардың белгілі бір мүдделеріне жұмыс жасайтынын осы бастан түсінгендеріңіз абзал.
Егер де, абсалютті ешкімге бағынышты емес, қаржы қоры өзінің мүшелерінен жиналатын дербес партияның мүшесі болғыңыз келсе, жылдық жарнасын төлеп, "Қоғам үні" партиясына мүше болуыңызға тура келеді.
Бұл партия -- пайдакүнемдерге арналмаған!
Тек қана идея үшін топтасып, өзін өзі қаржыландырып, елдің болашағы үшін қалтасынан шығын шығара отырып күрескісі келетін шынайы патриоттарға арналған.
Біреудің қаржысына құрылып, солардың бағдарламасының айналасында жүріп бірдеңе өзгертемін деп қиалдап жүргісі келетіндерге бұл партияда орын жоқ!
Елінің болашағы үшін өз қалтасынан жарна төлеп күрескісі келмейтін, біреудің "тегін мінберінен" ұрандатып "Алма піс, аузыма түспен" күресте жеңемін деп ойласа, оларда бұл партияны айналып өте бергендері дұрыс.
"Парламенттік республика, "партиялық күрес" деп жүргендердің көздері ашылып, шынайы партиялық күрестің қандай болатынын ертерек түсінгендері өздеріне жақсы.
Ескертіп қояйын!
"Артымда" ешкім жоқ.
Тобыр топырлатқан өтірік күреске шақырып елді алдамай, шынайы партиялық күрестің үлгісін көрсеткісі келетін қазақтың баласымын.
Қолдап, шынайы партиялық жолмен жүйелі түрде күрескіміз келеді дейтін азаматтар болса, пікір білдіріп өз ойларыңызды жазыңыздар!
Ал, көрейік шынайы идея үшін, жарнасын төлеп күрескісі келетін азаматтарымыз қанша екенін!
Рустем Ашетаев 87022752010