Алматыда "Ғылым Ордасы" ШЖҚ РМК бас директоры мен аталған мекеменің бас экономисі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша ұсталды.
Мұны Алматы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлім етті.
"Олар тиісті шартсыз мемлекеттік үй-жайларды жалға бергені үшін азаматтардан жүйелі түрде ақшалай сыйақылар алуда күдікке ілінді. Күдікті директор ұсталып, Алматы қаласының ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды"
Күдікті директор ұсталып, Алматы қаласының ПД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер өз кінәсін мойындады, тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілердің кінә деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.