Мейрамбек Бесбаев: 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын (видео)

6401
Adyrna.kz Telegram

Әнші Мейрамбек Бесбаев Almaty.tv каналының «Шынайы Ақберенмен» бағдарламасында өзін алаңдатып жүрген  мәселелер жайында сұхбат берді. Ұтыс ойынын өткізген Ернар Айдарға араша түскені, өзінің атқарып жүрген қызметі жайында да сөз етті.

Ол бүгінде биліктен көмек сұрап, 42 мың жәрдемақы үшін таласып жатқан басқа ұлтты көрмедім дейді. Қазақ тілі төңірегенде де көкейіндегісін айтты.

«Бір көшеде екі бай тұрып, жағдайы төмен көршісіне қарайламағанына менің жүрегім ауырды. Бүгінде көмекті сұрап жатқан тек қана қазақтар. Оның бір себебі, жалқаулық па деп ойлаймын. Қанымызда бар. Мен алысқа кетпей-ақ қояйын, өзім де жалқаумын. Аспаннан біреу әкеліп беру керек бізге. Болмаса тіреп тұрған танысымыз болу керек. Жұмыс істемейміз. Менің маңайымдағы туысқандарым да жалқау болып кетті. Білімге ұмтылмайтын, құр жата беретін інілерім көп. Ең болмаса, 42 мың теңгеге қырылып қалған басқа ұлтты көрген жоқпын. Біз әбден көкіректеніп кеткенбіз. Мен қазақпын, мен ұлымын деп айтып жатамыз. Сөз жоқ - ұлымыз, дана халықпыз. Бірақ, ХХІ ғасырда қашанға дейін көкірек ұрып отыра береміз? Емделейік, болды ғой енді…», – деді Мейрамбек Беспаев

Пікірлер