Педагогикалық тәжірибе – әдіс-тәсіл алмасуға таптырмас мүмкіндік

3764
Adyrna.kz Telegram

Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факултетінің магистранттары биылғы жылдан бастап заңға сәйкес екі жыл педагогикалық тәжірибеден өтетін болды. Бұл, әрине, болашақ мамандардың тәжірибелік машықтарн арттырып, білім деңгейін жоғарылатуға бағытталған шешім деп білеміз. Жоспарға сәйкес екінші семестрден бастап магистранттар кредиттік оқуларын жалғастыра отырып, педагогикалық  тәжірибеден өтті. Магистранттардың ғылыми жетекшілеріне тиесілі 1-3 курс студенттеріне өткізілетін пәндер оқытушылардың кеңесімен пактиканттарға сағаттар бөлінді. Алғашқы апталарда пассив түрде, яғни, дәріс және семинар сабақтарына қатысу, бақылау, студенттермен танысу, жүйемен жұмыс істеп үйрену жұмыстары жүргізілген болатын. Осы уақыт аралығында жас білім алушыларды сырттан бақылай отырып, олардың ерекшеліктері мен қабілеттеріне баға бере алдық. Келесі сабақтарды актив түрде жүргізу міндеттелді. Әрине, алғашқыда қобалжу мен қорқыныш басымдық танытып, сасқалақтап, кейде тіпті күрмеліп қалдық. Алайда жетекшінің тарапынан қолдау көп көрсетіліп, біртіндеп машықтана бастадық. Ұстаздар әр сабақты тыңдап дұрыс-бұрыс әрекеттерімізді айтып, әрдайым жаңа кеңес беріп жүрді. Студенттер де болашақ мамандарға түсініспеншілік танытып, өзімізді еркін ұстауымызға біршама ықпал етті.

Әр магистрант тәжірибе барысында ашық дәріс және семинар сабақтарын беруге міндетті. Ашық сабақ алдын ала жоспарланып, бір апта бұрын кафедра оқытушыларына ескертілу қажет. Бұл тапсырманы орындау барысында практикадан өтуші ең алдымен ашық сабақ жүргізгісі келген тобын мұқият таңдайды. Осы кезде топтың ұйымшылдығы мен топтағы атмосфераны тани білуге тырысасың. Ашық сабаққа өзге де магистранттар мен оқытушылардың қатысуына рұқсат етілді. Бір лекте болсақ та, бір-бірімізден де үйреніп, алмасатын әдістер мен идеялардың бар екендігіне көз жеткіздік. Сабақ кезінде  алдыңғы семестрде оқыған педагогикалық теориялар мен тәсілдерді тиімді пайдаланып, қажетімізге асыруға тырыстық. Теориялық білімді практика жүзінде қолдану арқылы мамандығымыздың қыр сырын аша түстік. Педагогикалық практиканың барлық есебін магистранттар жүйеге күн сайын тіркеп отыруы жауапкершілікті арттыра түседі. Студенттердің ауызша сабақ айтуын да, жазбаша жұмыстарын да уақытты ұтымды пайдалана отырып бағалауға жаттықтық. Онымен қоса топқа және жеке студентке мінездеме жазып, психологиялық талдау жасай алдық.

Педогогикалық тәжірибе арқылы магистранттар өздерінің болашақ мамандықтарын етене сезініп қана қоймай, шәкірттермен жұмыс жасауға дайындықтарын арттыра алады. Осылайша кейін жаңа жұмыс орнын иеленген кезде оқытушы білімі мен машығын көрсете алуға бейімделмек. Бұл магистранттар үшін келешекте кездесуі мүскін өмірлік ситуациаларға дайындық дей аламыз. Сонымен қатар біздің кәсіпқой маман болып шығумызға бірден бір септігін тигізетіндігіне сенеміз.

Төлеужанова Жансая

Әл – Фараби    атындағы  қазақ ұлттық  университеті

           Филология   және    әлем тілдері факультетінің

                                                   1-курс  магистранты

Куратор-эдвайзері филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Т.Әлімтаева

Пікірлер