ЖҰЛДЫЗ ӘБДІЛДӘ: Жұрт тапқан ақшасына бала-шағасын асырай ма, әлде апта сайын 10-15 мыңға тест тапсыра ма?

2982
Adyrna.kz Telegram

ДӘЛ ҚАЗІР КӨПШІЛІКТІ МАЗАЛАП ОТЫРҒАН СҰРАҚТАР

Ертең төтенше жағдай (КАРАНТИН ЕМЕС) тоқтайтын күн. Жұмыс басталады. Бірақ...
Мектеп ашылмайды. Биылғы оқу жылын осы қашықтан оқу жүйесімен аяқтаймыз. Тіпті емтихан да болмайды.
Балабақшалардың дені ашылмайды. Сонда жұмысқа шығуы тиіс ата-ана балаларын қайтпек?..

Астана мен Алматыда халықтың белгілі бір бөлігі қала сыртынан қатынап істейді. Олар да ертең жұмыста болуы тиіс. Өйткені қаланың сыртында тұратындарға қандай да бір жеңілдік бар екені айтылған жоқ. Ал блокпост жабық. Рұқсат берілгенімен де, тест тапсыруың керек дейді. Тесттің жарамдылық мерзімі – бір апта. Бағасы – 10-15 мың теңге. Мұны әркім өз қалтасынан төлеуі керек (арнайы тізімге кірмегендер). Бірақ, ол тестті тапсырғаннан кейін бір сағаттан кейін де ауру жұқтырып алуың мүмкін. Сонда мұндай шарттылықтың керегі не? Әрі, жұрт тапқан ақшасына бала-шағасын асырай ма, әлде апта сайын 10-15 мыңға тест тапсыра ма?..

Міне, сағат үш жарым болды. Ертең жұмыс. Не істерімізді білмей, басымыз қатып отырған жай бар. Ал мемлекеттік комиссия да, қала әкімдіктерінің штабы да әлі нақты бір жауап бермей отыр. Сонымен, ертең не істейміз?..

Пікірлер