Алматы әкімдігі мәңгілік алауға жібермеген ардагерден кешірім сұрады (видео)

2834
Adyrna.kz Telegram

Алматы әкімдігінің өкілдері ардагерден үйіне барып кешірім сұрады деп хабарлайды Sputnik.

Мемориал 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта орналасқан. Алайда Қазақстанда карантинге байланысты саябақтар жабық болғандықтан, гүл шоқтарын қоюға келген ардагерді Мәңгілік алауға жібермеген.

Қария бос саябаққа кіргізетін шығар деп үміттенсе де, полиция қызметкерлері міз бақпады.

Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, резонанс туғызды.

Кейінірек әкімдік өкілдері ардагердің үйіне келіп, кешірім сұрады. Содан соң қарияны мемориалға апарды.

"Кінәліміз әрине, басымызды иіп кешірім сұраймыз. Бұл коронавирусқа байланысты енгізілген карантинмен байланысты", - деді Алматы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Кешірім сұраған видеоны Алматы әкімінің баспасөз қызметі таратты.

 

Пікірлер