Қызылордада ауызашар бергендер жазаланды

3086
Adyrna.kz Telegram

Қызылорда полицейлері төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырған тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуірде Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің үйінде ауызашар ұйымдастырып, қаланың әр түкпірінде тұратын достарын ауызашарға шақырған. Олар кешкі астан кейін кездесуді  моншада шомылумен жалғастырған.

"ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес ("Төтенше жағдай режимiн бұзу") бес тұрғынға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Пікірлер