Ернар Айдар ұтысқа қойған көліктерді "ауадан" алған

18309
Adyrna.kz Telegram

Ернар Айдар ұйымдастырған ұтыста сыйлыққа берілетін көліктер жалға алынған

Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті мен полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жалған лотерея ойынын ұйымдастырғандарды анықтады. Олардың арасында елге тангымал әнші Ернар Айдар да бар деп хабарлайды экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметі.

"Бұл топ 2020 жылдың 23 ақпан мен 23 сәуір аралығында өте қымбат ұтыс сыйлықтарын - яғни 4 автокөлік (2 седан және 2 джип), Алматы қаласында бір бөлмелі пәтер және басқа да тұрмыстық техниканы ойнатпақ болып, жалған лотерея ойынын ұйымдастырған. Алайда, жоғарыда көрсетілген құнды сыйлықтар болмаған. Олар лотерея ойынына қатысушыларды сендіру үшін 4 автокөлікті басқа жеке тұлғалардан жалға алғандығы анықталды", - делінген ресми таратылған хабарламада. .

Лотореяны ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде жасаған жарнама арқылы 9 900 теңге тұратын 20 000 данадан астам ойын билетін сатқан. Ұтыс ойынын ойнататын бағдарламаға, ұйымдастырушылармен алдын ала белгіленген ұтыс билеттері яғни, өз адамдары енгізілген.

«Қазіргі таңда, ҚР қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша (алаяқтық, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы) бірқатар азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп қосты департамент өкілдері.

Сонымен қатар заңсыз лотерея ойынын ұйымдастырушылар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін ҚР әкімшілік кодексінің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ернар Айдардың ұсталғаны хабарланған 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер