Коронавирустан айыққан Борис Джонсон қызметіне кірісті

2615
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ұлыбританияның  премьер-министрі Борис Джонсон covid-19  инфекциясының ауыр түрінен айығып, қызметіне кірісті. Бұл туралы "Адырна" BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Борис Джонсон британиялықтарға эпидемияның шарықтау шегінен өткенін хабарлап, оны коронавирус жұқтырудың азая бастаған статистикасымен түсіндірген.

Ұлыбританияның ресми мәлімдемесіне сәйкес, елінде коронавирусты 152 мың адам жұқтырып, 20 мың адам қайтыс болған.

Премьер-министрі Борис Джонсонды оппозиция мен баспасөз карантинді кеш жариялағанын айтып, сынға алған. Мұнда карантин жарияланғалы бір айдан астам уақыт өткен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер