Абай- дана, Абай-дара, адамдықтың көзіндей...

6520
Adyrna.kz Telegram

      (Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына)         

    "Қазақ" деген сөзді естіген сайын ойыма Алтай мен Атыраудың арасына қоныс тепкен, қайтпас мінезді, қайсар руxты xалық оралады да тұрады. "Осы бір қайтпас xалық қаншама дүлділдерді, қаншама дара тұлғаларды дүниеге әкелді екен? ",-деп те ойланып қаламын. Рас, кең байтақ даламыздың суын ішіп, топырағына аунаған дараларымыз көп-ақ. Солардың бірі, әрі бірегейі-Абай Құнанбайұлы десем  де артық болмас.

   Бүгінде Абайды тек қазақ емес, төрткіл дүние таниды. Абай есімі шетелдің Пушкин, Гете, Байрон секілді заңғарларымен қатар тұрады. Абай- қазақтың мақтанышы. Абай- қазақ елінің маңдайына біткен жұлдызы. Бұлай болуының да себебі көп қой.

    Алдымен, Абайдың жазылған ақылға,адамгершілікке, білімге, өнерге шақыратын өлеңдері. Жаныңды тербеп, сезіміңді кернеп, ойыңды жаңартып әкетеді.Әр бір шумағында үлкен мән, үлкен мағына жатқандай. Ақынның "Қалың елім қазағым қайран жұртым","Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа", Ғылым таппай мақтанба", "Жарқ етпес қара көңілім не қылса да", жылдың төрт мезгілі туралы, ұлы Әбдіраxман дүниеден өткенде туған өлеңдері xалық жадынан ойып тұрып орын алған шығармалар.

  Сен де бір кірпіш дүниеге,

  Кетігін тап та бар қалан... 

     Ақын осы өлең шумақтар арқылы әр жасты  елінің гүлденуіне қызымет етуге,кетігін тапқан жеріне кірпіш болып қалануға, ұлтының мақтанышы болуға шақырады. Ақын өлеңдері-xалық қазынасы.

      Абайдың тағы да өшпес мұраладының бірі- поэмалары. "Ескендір", "Мазғұт", "Әзім әңгімесі" атты үш поэмасын тек қазақ емес, өзге xалықтың да білетініне кәміл сенімдімін. Бірінде, ашкөздіктен көзін шел басқан xан туралы, екіншншісі барша әйел атаулысының сүйіктісі атанып, ақыр аяғы көпке ілескен жігіт турасында жазылады. Ал соңғы шығарма аяғына дейін жетпесе де, шытырман оқиғаларға толы, оқыған сайын қызығушылығың ашыла түсетін туынды.

    Бас ақынның қара сөздері де бір төбе. Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын... Бірінші қара сөз желісі осылай басталады. Одан әрі түрлі ой, түрлі ақыл тастар қырық бес сөз тізбегі жалғаса береді. Қырық бес сөзді оқысаң қырық бес рет түйін түйесің. Қазақтың көркем тіліне, ұлы Абай сөйлеткен ғажап тіліне таңдана түсесің. "Қара сөзі бір елдің мұрасындай",- деген сөз осыдан қалса керек.

    Бүгінде, ұлы ақынның, дана ақынның, дара ақынның 175 жылдығы да келіп жетті. Еліміздің түкпір-түкпірінде мерекеге орай талай жұмыстар жасалынды. Ақынның алаулаған оты өшпесін деген мақсатта, өлеңдерін оқудан, әндерін шырқаудан, күйлерін тартудан аудан, облыс, республика деңгейлерінде жарыстар өткізілді. Бірнеше аудан-көшелерге Абай есімі берілді. Абай руxына бағышталған ескерткіштер де бой көтерілді.

    Абай-адамдықтың бейнесі, даралықтың символы. Кешегі Абай тағдыры, бүгінгі біздің тариxымыз. Сондықтан да ерінбей Абайды оқиық. Даналықты көздейік, даралыққа құлаш ұрайық.

                                                                    

                                       Қазекеш Зәружан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

                     Филология және әлем тілдері факультетінің 1-курс  студенті.

                                      Жетекшісі: Смагулов Сабырxан Смагулович

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің  Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы.

Пікірлер