Марғұлан Сейсембай: Сіздерден басқа арқа сүйер кімім бар?

3027
Adyrna.kz Telegram

Достар, маған қатысты болып жатқан дүниелерге шүбә келітіріп жатқандар да бар екенін байқап отырмын. Яки бұл бірінші рет болып жатқан нәрсе емес, құтылып шығады деген және өзге де көзқарастар. Жауап берейін.

Біріншіден, мен құтылып шығуды қаламаймын да, құтылып шықпаймын да. Мен көбісі ойлап отырғандай, келісімге келуге немесе құтылып кетуге жүгіріп құлшынып отырғаным жоқ, мен тек қана органдардың маған қатысты әрекеттерінің бәрінен жұртшылықты хабардар етіп отырмын. Адам келісімге келіп, кез келген істің ізін суытқысы келсе, керісінше, тыныш отырады. Осыны айтпай-ақ түсінбейсіз бе? Кез келген жемқорлық тыныштықты жақсы көреді, ал мен оған қарсымын, сондықтан, мен жариялылық пен ашықтықты ұстанамын.

Екіншіден, мен жорамал қауіп туралы емес, құқық қорғау органдарының іс жүзіндегі айқын, тапсырыспен жасап отырған әрекеттері туралы жазып отырмын. Мен қарапайым тергеу мен тапсырыспен болатын бопсалаудың аражігін жақсы түсінемін және білемін.

Үшіншіден, мені негізсіз қорғауды сұрап отырғаным жоқ. Мен тек қана тергеу шектен шықпаса деймін, тергеу барынша ашық болғанын, сот (егер соған дейін барса) ашық және жариялы түрде болғанын қалаймын.

Төртіншіден, мен жұртшылыққа жүгініп отырған себебім – мен ешқандай да заңға қайшы әрекеттер жасамадым, ақиқат пен мораль менің жағымда. Мен неге үндемей отыруым керек?

Бесіншіден, дәл осы жұртшылық мені шектен шығушылық пен заңсыздықтан бірнеше рет аман алып қалды. Арқа сүйер басқа кімім бар?

Алтыншыдан, мен түрмеде отырғым келмейді, еш кінәм болмаса неге отыруым керек. Сондықтан, мені алдын ала ойластырылған себеппен жауапқа тартып, түрмеге отырғызуы мүмкін қауіп төнген кезде мен бұл туралы әрдайым жазып отырамын.

Және жетіншіден, құрметті менің жамандық ойлаушыларым мен ешнәрсеге сенбеушілерім, сіздер мен үшін күресетін болсаңыз, мен үшін емес, елде шектен шығушылық болмауы үшін, ертеңгі күн сіздің де бизнесіңізді тура осылай басынбау үшін күресесіз. Мен бизнесімді бірнеше рет жоғалтқанмын, қажет болса, тағы да жоғалтуға дайынмын, бірақ, мен қоғамымыз жақсара түсуі үшін қолымнан келгенін жасауға тырысамын. Егер сіз олай жасағыңыз келмесе, мені оқымаңыз, өз әлеміңізде өмір сүре беріңіз.

P.S. Мүмкін сіз жылдар бойы құрып, жинақтаған дүниеңізді ешқашан жоғалтып көрмеген боларсыз. Сөзіме сеніңіз, жылдап жасаған еңбегіңізді жоғалту өте өте ауыр және ол көңіл қынжылтады. Сондықтан, өзіңіз сынға ұшырамас үшін өзгені сынамаңыз.

Марғұлан Сейсембайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

 

Пікірлер