Шетелдік футболшы: Қазақстанда бай мемлекетті, кедей адамдарды көрдім

3694
Adyrna.kz Telegram

Футболдан Мартиника құрамасының хавбегі Матиас Курьор шетелдік БАҚ-тың біріне берген сұхбатында карьерасы жайлы баяндап, қызылордалық "Қайсарда" ойнаған кезін еске алды, деп жазады vesti.kz.

"Бұрын Франция мен Испанияда болдым, бірақ, болгариялық "Черне море" мен ойнаған бірінші элиталы командам еді. Болгариялықтар өте мықты екенін көпшілік біле бермейді. Мені құрметтейді. Алаңда да ісім оңға басты, Болгария Кубогын ұтатын мүмкіндігім болған. Бұл мен үшін мүлде жаңа дүние еді", - деп келтіреді ойыншының сөзін karaibes-sports.com порталына сілтеме жасаған Football24.bg.

Футболшы Грузия мен Қазақстан жайлы да айта кетті. Жартылай қорғаушы қызылордалық клубтың ең мықты ойыншыларының бірі болатын.

"Динамо" (Грузия) сапында үш ай ғана ойнадым. Ал Қазақстанда бай мемлекетті, бірақ, кедей адамдарды көрдім. "Қайсардың" базасы өте нашар бола тұра, маған үлкен еңбекақы төлегендері қызық. Бапкерлердің де барлығы шетелдік", - дейді ол.

32 жастағы Курьор карьерасын 2007 жылы "Бовада" бастап, "Нант", "Геньон" сияқты өзге франциялық клубтар мен испаниялық "Ориуэла","Атлетико Балеарес", "Уракан Валенсия", мартиниктік "Голден Лион", болгариялық "Локомотив" (Горна-Оряховица) командаларында ойнады. Мартиника құрамасы үшін жеті ойында екі гол салды.

Ал "Қайсарда" 2017 және 2018 жылғы маусымдарда өнер көрсетті. ҚПЛ-де ойнаған 59 матчте,13 гол салып, үш ассит жасады және тоғыз ескерту алды. Қызылордалықтар онымен келісімшартты ұзартықысы келді, алайда, футболшы орын ауыстырғысы келді.

Пікірлер