Жаһандану дүниежүзілік дамудың шынайы үрдісі ретінде

5347
Adyrna.kz Telegram

ХХІ ғасырдың шегінде адамзат өз тағдырын белгілеп, өзі қалаған өмір салтын таңдайтын, өзінің айналасында болып жатқан қандай да бір құбылыстарға өзінің саяси көзқарастарын нақтылай алатын əлемдік кеңістікте, сарп еткенде, мемлекеттер үшін заңды интеграциялық үрдіс жағдайында дамудың қай жолымен жүруі керектігі – дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына бағытталған осындай оңтайлы бетбұрыстарына жаһандану деп аталатын құбылыс септігін тигізеді. Біздің кеңістіктік уақыттағы жоғары технологиялардың дамуымен бірге, толық дүниежүзілік инфрақұрылымның қызмет етуінің дамуы жеңілдей түседі, ал бұл жаһандану үрдісін тереңірек ұғынуға септігін тигізеді.

Жаһандану – соңғы жылдары əлемнің заманауи даму құбылыстарының ішінде неғұрлым көп талқыланып жүргендерінің бірі. Терминнің өзі ғылыми айналымға 1990 жылдары еніп, қазіргі саяси əлемнің күрделілігі мен алуантүрлілігін сипаттау үшін кеңінен қолданылып келген «постмодернизм» ұғымын көп тұстарында шеттетті. 1980 жылдардың соңында «жаһандану» сөзі ғылыми лексикада əлі кездеспеген. Мəселен, америкалық социолог П. Робертсон (Р. Robertson) жаһандану мəселелерін зерттеуді біріншілердің қатарында бастайды, ол «жаһандылық» сөзін өзінің «Обсуждая глобальность» (Interpreting Globality) жұмысының атауында қолданады. Дегенмен экология мен технологиялық пəндер аясында жаһандану жөнінде 1960 жылдары басқа терминдермен ертерек айтыла бастаған.

Бүгінде жаһанданумен байланысты үрдістерді сипаттау үшін жиі басқа да ұғымдар қолда- нылады: постиндустриалды дəуір, ақпараттық революция ғасыры, техножаһандану жəне т.б. Олардың бəрі де жаһандануға байланысты маңызды өзгерістерді білдіреді.

Жаһандану мəніне қатысты түрлі пікірлер қалыптасқан. Бір зерттеулерде оның экономикалық аспектілеріне көңіл бөлінсе, басқаларында бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруға, үшінші- лерінде жалпы стандарттарды дамытуға назар аударылады. Соңғы айтылған, ең алдымен, өндіріс, тұрмыс, əлеуметтік өмір жəне т.б. ұйымдастыруға қатысты.

Мөлдір Сағымбаева

Әл Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдерінің студенті.

Ф.Қозыбақова, ғылыми жоба жетекшісі,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология, этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.

Пікірлер