Мамандық дегеніміз не? Мамандықты қалай дұрыс таңдауымыз кажет?

24076
Adyrna.kz Telegram

Мамандық дегеніміз не деген сауалға толықтай пікірімді білдіре кетейін. Мамандықты біздің жас түлектеріміз дұрыс таңдай білуі қажет деп есептеймін. Адам баласы мамандық таңдаудан ешқашан қателеспеуі қажет. Мамандық біздің болашағымыздың айнасы. Өз ісінің білікті маманы болу үшін,өзіне лайықты мамандықты таңдауы керек. Сонда ғана біздің болашағымыз айқын болмақ. Әрине қазіргі таңда мамандық таңдаудан қиналып, ақсап жататын тұстарымыз бар. Түлектеріміз жоғарғы оқу орындарына түсіп біліктілікті мықтылықты шындықты айта кететін болсақ қаржылық жағдайды талап ететін мамандықты таңдап жатады. Неліктен осындай мамандықты таңдайды деген көкейдегі сұраққа жауап бере кетсем. Сол мамандықты оқып, тәмәмдап болған соң, жұмысқа орналасып ең жоғарғы жалақы аламын деген ойдың жетегінде жүреді.

Әрине, дұрыс адам баласы армандап, талаптануы қажет. Жетемін деген адам өзінің биік шыңына да жетеді.Қазақта мынадай мақал бар: армансыз адам қанатсыз құспен тең. Бұл мақал бекерге айтылмаса керек. Мысалы мен журналистика саласына түсуді армандаймын және қызығамын. Мен бұл мамандықты қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық деп білемін. Армандаған мамандығыңа түсу өз қолыңда! Ол үшін білімділік талап етіледі. Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар демекші өз-ісіңе сенімді, білікті, білімді алға қойған мақсатыңа жету үшін талаптанатын адам болсаң бәріңе де жетесің. Абай атамыз айтпақшы:

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта

Ерінбей оқып көруге деген даналық сөздері бекерге айтылмаған. Неліктен өзі қалаған мамандыққа түсу керек және сол мамандықты оқуы керек деген сұраққа менің жауабым. Себебі өзінің жақсы көріп тұрған мамандыққа түссең, сен ол мамандықты бір сөзбен айтқанда жақсы көріп бар ынтаңды салып,құштарлық пен оқисың. Және оқуды тәмәмдаған соң бар жан-тәніңмен жұмысқа деген ықыласың мен қызығы құштарлана бар жағынан терген біліміңді осы мамандыққа арнайсың. Егер өзің қаламаған оқуға түссең сенің ол мамандықты оқуға кейін сол салада жұмыс жасауға ынтаң болмайды. Мінекей мәселе осында жатыр. Алайда жоғарғы оқу орнына түсіп, өз мамандығыңның білікті маманы болып, халыққа жақсы қырыңнан танылып жатқан жағдайда дансайып кетпеуің керек. Осыны да ойға салып кеткім келіп отыр. Барлығын көтере білуің керек.

Мұқағали Мақатаев атамыз айтпақшы;

Өсіңіз жетіліңіз,тасқындаңыз,

Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.

Сен мықты,анау осал,мен орташа,

Бәріміз бір аспанның астындамыз.

Сіздің ой біздің ой мен бірікпейді.

Шайқаныз осы өмірді жүріп мейлі

Ойлаңыз,арзан атақ, сасық ырыс

Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді... демекші арзан атақ пен сасық ырыстың жетегінде кетіп қалмауыңыз керек.

  Аягөз Арыстанбаева,

журналистика және аударма ісі кафедрасының 1 курс студенті,

Тұран университеті

Алматы қаласы

Пікірлер