БАУЫРЖАН СЕРІКБАЕВ: Әдемі кету де үлкен өнер мен саяси көрегендік

3502
Adyrna.kz Telegram

Әдемі кету де үлкен өнер мен саяси көрегендік қой. Ли Куан Ю 30 жыл ел басқарып кетті. Мемлекеттің ақсақалы ретінде ақылын айтып отырды. Бірақ ол Сингапурды құрған еді. Қанша отырса да жарасты. Сингапурдың қалай өскенін көрген ел мойындады алып тұлғаны.

"Доктор М" Малайзияны 20 жыл басқарып кетті. Әдемі кетті. 90-нан асқан шағында қайта келіп, саяси тығырықтан елін шығарып тағы да кетті. Өз елінде. Ешқайда қашпады. Халқына жүзі ашық басшы ретінде әлі де абыройлы Отанында.

АҚШ президенттері әр төрт жыл сайын сайланып, максимум 8 жылда кетеді. Өркениетті елдердің бәрінде барлығы ары кетсе 10 жылда кетеді.

Ататүркке 15 жыл жеткілікті болды. Жас болса да ол да кетті тағдырына көніп. Реформаторлар ол жаққа да керек болған шығар.

Дэн Сяопин 1976-1990 жылдары ел басқарып ол да кетті. Уақытында.

Украинада жас президент Зеленский келіп елін қуантып жатыр.

Арменияда Пашинян келді нұр үстіне нұр болып.

Кейбір азаматтар келіп қуантады. Кейбір азаматтар кетіп қунтады деген осы ғой. Тіпті Астанада қалың қар жауған қыс та кетті. Көктем келгеніне қуанып жатырмыз. Астанадағы табиғаттың тамаша өзгерісі осы қаладағы адамдарға да жұғысты болсын! Астана өзгермей Қазақстан өзгермейді!

Пікірлер