Ресейде бір тәулікте 1 800-ге жуық адам COVID-19 жұқтырған

2438
Adyrna.kz Telegram

Фото: РИА Новости

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны 1 786 адамға жетті, - деп  хабарлайды Lenta.ru.

Бұл туралы Ресейдің жедел штабының Telegram-каналында айтылады.

Жедел штабтың мәліметінше, вирус жұқтырғандардың көбі Мәскеуде тіркелген. Онда 1 124 адам COVID-19 жұқтырған.

Сондай-ақ, бір тәулікте коронавирустан қайтыс болғандардың саны 18-ге жеткені айтылады. Ал вирустан жазылғандардың саны - 97.

Дереккөз мәліметінше, бүгінде Ресейде коронавирус жұқтырғандардың саны - 11 917. Ал көз жұмғандардың саны - 94, сауыққандардың саны - 795.

 Tengrinews.kz

Пікірлер