МҰРТАЗА ЖҮНІСҰЛЫ: Қазақтар Ататүрікті жақсы көреді

3437
Adyrna.kz Telegram

Әдетте қазақтар Ататүрікті жақсы көреді. Мен білетін қазақ зиялыларының бәрі де сондай. Демек, санасы уланбаған, санасы өзгермеген, қазақ қалпын сақтаған қазаққа Ататүрік жат емес, жау емес. Ататүрікті жек көру ауруы бізге Түркиядан келді. Түркиядан 🇹🇷 елімізге келген діни ағымдар әкелді, Түркияға 🇹🇷 оқуға барып, со жақтағы діни жамағаттардың ықпалында болған өзіміздің жастар әкелді. Ататүрікті нахақтан жек көрудің тағы бір бұлағы әсіредіншіл, керітартпа, радикалды діни ағымдар. Уахабилер мен суфилер басқа жағынан бөлінсе де, дәл Ататүрікке келгенде жарыса жек көреді. Шариғат мемлекеті орнатпағаны үшін, зайырлы да демократиялық ел орнатқаны үшін олар оны әлі кешіре алмай келеді, ұлыттық унитарлық мемлекет орнатқаны үшін, құлдық жүйені жойғаны үшін, теңдік әкелгені үшін, діни қанаушылықты жойғаны үшін, әйелдерді төрлеткені үшін... Әрине, Ататүрікке оң көзбен қарайтын діни жамағаттар мен тариқаттар да бар, оны да ескерейік. Қысқаша айтқанда табиғи қалпындағы қазақтар, әсіресе ұлытшыл қазақтар Ататүрікті жақсы көреді, құрметтейді, ал санасы діни ағымдардың уағыздарымен уланғандардың ішінде жек көретіндер бар, оларға түсіндіру біздің міндетіміз, шындықты мойындау олардың міндеті.....

Мұртаза Жүнісұлы

 

Пікірлер