АҚШ-та безгекке қарсы дәрімен коронавирусты емдейді

2296
Adyrna.kz Telegram

АҚШ азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы коронавирусты инфекциямен ауыратын науқастарды емдеу үшін безгекке қарсы "Гидроксихлорохин" және "Хлорохин" препараттарын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұл дәрі-дәрмектер дәрігерлер COVID-19 диагнозымен тіркелген жасөспірімдер мен үлкен жастағы науқастарға денсаулығынық жағдайына байланысты, клиникалық зерттеу мүмкін болмаған жағдайда ұлттық стратегиялық қордан штаттарға жіберіледі", - делінген басқарма хабарламасында.

АҚШ денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін "Гидроксихлорохин сульфатының" 30 миллион дозасын және "Хлорохинфосфаттың" миллион дозасын алған.

"Коронавирустың нақты емі жоқ болса да екі препарат зертхана нәтижесі бойынша жарамды екенін көрсетті", - дейді министрлік өкілдері.

Айта кетейік, АҚШ коронавирус жұқтыру дерегі бойынша бірінші орында тұр. Ел бойынша 165 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, оның 3,1 мыңы қайтыс болған.

Пікірлер