"Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымда - ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйі мен интернаттарда карантин жарияланды. Осы мекемелерге, ұйымдарға баруға тыйым салынады. Тек медициналық қызметкерлерге рұқсат. Бұл науқастарды қорғау үшін жасалып отыр. (…) Сондай-ақ, фото мен видеоға түсіруге тыйым салынады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 27 адамға жеткен болатын.
фото ашық интернет көзінен
"Адырна" ұлттық порталы