Министрліктегілер қазақстандықтың Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргенін айтады.
Смадияров қазақстандықтың карантинге жатқызылуы керегін айтады.
"Қазақстандықта коронавирустың ешқандай белгілері жоқ. Оған ауруханадағылар коронавирусқа тексеріле алмайтынын және ауруханада жатқызылмайтынын айтқан. Елшілік бұл мәселені бақылауға алды. Осыған байланысты СІМ өкілдері БАҚ-тардан расталмаған ақпарат жарияламай, елді дүрліктірмеуді сұрайды", - деді Смадияров.
Еске салайық, осыған дейін Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған қазақстандық туралы мәліметтің расталмағаны хабарланған болатын. "3 наурызда Оңтүстік Кореяның әлеуметтік желілерінде Қазақстан азаматында COVID-19 вирусы анықталғаны хабарланды. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, клиникадан қашып кеткен қазақстандықты қазір полиция іздестіріп жатыр. (...) Бұл мәлімет расталған жоқ", - деген еді Смадияров.