Сауд Арабиясы Қазақстанды коронавирус көп тараған мемлекеттер тізіміне қосты

5703
Adyrna.kz Telegram

Сауд Арабия коронавирусқа байланысты жеті мемлекеттің азаматтарына электронды виза беруді уақытша тоқтатты. Бұл тізімнің ішінде Қазақстан да бар. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігі хабарлады.

"Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Италия және Қазақстан азаматтарына электронды виза беру уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар аталмыш ел азаматтары Сауд Арабияның әуежайларынан туристік виза ала алмайды" деп  жазылған SPA ақпарат агенттігі таратқан хабарламада.

Қазақстанның коронавирус індеті жайлаған елдер қатарына қалай кіргені әлі белгісіз. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген.  Ресми дерек бойынша, Сауд Арабиясында коронавирус табылмаған. Алайда вирус Таяу Шығыс елдерінде, оның ішінде Иранда жылдам тарап барады.

Соңғы дерек бойынша, мұнда COVID-19 вирусынан 26 адам көз жұмған.  27 ақпанда Сауд Арабиясы жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам қажылық сапар жасайтын Мекке мен Мәдинаға ұшатын рейстерді тоқтатқан болатын.

 qamshy.kz

Пікірлер