Қордай қорқынышы...

4112
Adyrna.kz Telegram

Мен кеше парақшамда "Қордай мен Пекин арасы" деген шағын жазба жарияладым.
Бұл --жай ақпарат үшін ғана.

Мәселенің мәні өте-өте тереңде.

Хусеймен қол ұстасып Пекинге барып, қоржынының екі басын қомпитып келетін қазақстандықтардың қатарында өзіміздің қазақтардан бастап әр ұлттың өкілдері бар.

Сапары бір бағытта болғанымен, қожасына жағу мен жағыну жағынан олар өзара іштей қатты бәсекелес.
Пекин жалпы "мұғажырларына" қол ұшын аз сөзып жатқан жоқ.
"Қаз орғанына семіреді"-деп, қазақ "мұғажырлар" арқадан қаққанға мәз болып жүрген шығар, бірақ Пекиннің бүйрегі Қордайға көбірек бұрылатыны жасырын емес.

Еліміздегі дүнгендердің жан санының өсу көрсеткіші қарқынды көрінеді.
Ал, экономикалық қуаты мықты. Балаларының "қос тілде", қосымша қытай тілінен де қатар білім алып жатқаны байқалып тұр.
Оны Қытайдың орталық телеарналары дүркін-дүркін көрсетіп қояды.

Пекин тіпті, өз сөздерімен айтқанда, осы "Шетелдегі отаншыл қайраткерлеріне" арнап Қазақстаннан қытай тілді газет, көп тілді сайт та ашып берген.
Алматыда арнайы қытай тілін үйрететін оқу орыны да бар десіп жүр жұрт...

Байқап отырған боларсыз, Қордайда бір мықты сенім, біреуге арқа сүйеушілік және айбар бар.

Әне, жай төбелестен басталған жағдайға суық қару көтеріп шыға келді. Төбелес соңы қарулы қақтығысқа жалғасып, адам өлімімен ақырласты. Және ол бақандай жет-сегіз адам.

Естеріңізде болсын, бұл да басы.

Егер, Әділет министрлігіне тіркелген қоғамдық бірлестіктерді ретке салып, олардың шетелмен, әсіресе, Қытаймен барыс-келісі жиілерін қатаң бақылауды, керек болса жұмысын тоқтатуды, жауапты тұлғаларына тектеуді билік қолға тездетіп алмаса, бұдан да зор өкінішке қалуымыз әбден мүмкін!

"Қытайшылдар" атанып жүрген бұл топ өздерінше қайтарында Қытайдан Қазақстанға "құпия ақпарат" ала келеді екен-мыс.
Егер, біздің "штирлицтердің" түрі "хусекеңдер" болса, онда жетіскен екенбіз?!!

Мұсылман атулыны қамап, бейттердегі белгілерін жұлып, мешіттерді қиратып жатқан Қытайдың Қордай мұсылмандарына есігі айқара ашық.
Ақ тақиялы ағайын Меккеден көрі Пекинге көбірек зиярат етіп тұратын секілді.

"Қытай мен Қазақстан халықтары – тату көрші, әріптес, бір-біріне туыс. Құдайдың өзі осы тарихты және шындықты өзгерте алмайды», - деді Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо.

Сяо "туыс" деген сөзді бекер айтып отырған жоқ! Сірә, осы "мұғажырларын" меңзеп отырған болса керек!!

Міне, Чжан Сяодың "туыстарының" істеп жүрген харекеті.

Біз бүгін "Дүнген қызы арманым..." деп әндетіп жүргенде, ертең олардың Қазақстан мен Қырғызстанның ортасынан "Қордай Ислам автономиялық ауданын құрып бересің!!!"-деп, Ай-жұлдызды жасыл байлығын көтеріп шығып, автоматтарын кезеп тұрмасына кім кепіл?!!
Мен бүтін бір этносқа қара күйде шаптаудан, әрине, аулақпын. Бірақ, хусекеңдердің жүріс-тұрысы мен Қытайдың тым "қамқор көңілі" мені осы ойларға көбірек жетелейді.

Демек, Қордай қазақ пен қырғыздың ортақ ойланатын нүктесі!

Ауыт МҰҚИБЕК
ҚР президенті жанындағы
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі

Пікірлер