Ухандағы жастарды алып қайтуға тегі қазақ ұшқыш қана сұранып барды

10038
Adyrna.kz Telegram

Ерлік күнделікті өмірде болып жатыр. Жеңіл атқарылған соң ерлік қарапайым іс сияқты көрініс табады. Күні кеше Уханнан жүздеген жастарды алып қайту мәселесі тұрғанда өзге ұлт өкілдері тайсақтап, бас тартқан. Сол кезде жас та болса халықаралық деңгейдегі тәжірибесі мол ұшқыш Аслан Асхатұлы бауырымыз нағыз қазаққа тән қайсар мінез танытып, қатерлі сапарға бірден тәуекел етті, – деп ғұлама ғалым Бейбіт Сапаралы ағамыз Фейсбуктағы парақшасында тебірене жазды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Аслан үйленгенде алғашқы болып тілек-бата айту мәртебесі тиіп, Қазақ әуе жолдары негізін қалаған ұшқыш-генерал Амантай Жолдыбаев пен ҰҚК-нің генерал-майоры Бекет Байғазиевпен бірге жүрекжарды тілектерімізді айтып, үлкен өмір жолына ақ батамызды берген едік.

Енді, міне, соның орындалғандай бір көрінісі болып, 02.02.2020 жылы таңда Уханнан 80 қазақ жастары мен Белорус, Армян және Қырғыз азаматтарын алып ұшып, бас ұшқыш Аслан басқарған арнайы топ бір топ қауымды апатты аймақтан алып шығып, діттеген уақытында Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді.

Жүздеген ата-аналар оншақты күндер бойғы қатты үрей мен уайымнан серпіліп, көңілдері орныққандай болды.

Қатерлі вирус жұқтыруы мүмкін деген бірнеше қазақ жастарының қатал карантин аймағынан шығарылуға қатаң түрде рұхсат берілмеуі де амалсыз шара.

Ухандағы қандас бауырларымызға Құдайдан жалбарынып шипа тілейміз! Үлкен апаттардан ел-жеріміз аман-сау болсын!

Пікірлер