ТЖД: "Тыныштық сақтаңыздар"

4438
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аймақта қатты жер сілкінісі болады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Төтенше жағдайлардың барлық күштері мен құралдары штаттық режимде жұмысын атқаруда, деп хабарлады ведомствода.

«Сейсмология институтының 2020 жылғы 23-29 қаңтар аралығындағы апталық болжамды комиссиясының отырысы негізінде Алматы облысында жеті және одан жоғары баллдық күшті сілкіністер күтілмейді. Тыныштық сақтаңыздар», - делінген министрліктің хабарламасында.

Кешеден бері WhatsApp мессенджерінде қуатты жер асты дүмпулері туралы аудио жазба тараған болатын.
2 баллдық жер сілкінісін  алматылықтар 17 қаңтарда сағат 22: 05-те сезді. Екінші рет 3-4 балл болатын жер сілкінісі 19 қаңтарда болды. Осындай дүмпулер сейсмикалық станциялардың желісімен 20 қаңтарда сағат 11.31-де Текелі қаласы мен Рудничный кенті арасында тіркелді. Сейсмологтар кейінірек оларды қалыпты деп атады. Жыл сайын аймақта 12 мыңға дейін жер сілкінісі болады екен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер