Олигархтың сарайлары сатуға шығарылды

2819
Adyrna.kz Telegram

Сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтен қалған дүниенің бір парасы сатуға қойылды. Gosreestr.kz сайтында оның қандай дүниелері сатуға шығарғаны жария болды, – деп хабарлайды nege.kz сайты.

Сатуға төрт нысан қойылыпты. Оның ішінде 5 гектардан аса жерімен “Фосфорник” мәдениет үйі, 335 және 59,9 шаршы метр болатын екі үй бар. Сондай-ақ, көлемі 1307,3 шаршы метр болатын тағы бір нысан көрсетілген.

Аукцион ағылшын тәсілімен жүреді. Сатылым 6 ақпан күні сағат он бірде басталады.

Естеріңізге салайық, ел арасында “сыра королі” деген атқа ие Тоқтар Төлешов «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды, қинады, адам өлтірді» деген айыппен 21 жылға сотталған.

 

Пікірлер