Мойынқұм ауданының ауыл шаруашылығы алда тұр (Фоторепортаж)

7966
Adyrna.kz Telegram

Мойынқұм ауданы облыс орталығынан шалғайда орналасқан аймақ. Ауданда негізігінен ауыл шаруашылық саласы жақсы дамыған. Өйткені ауданның жері мал және ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы. Сондай-ақ ауданның іскер азаматтары сүт өнімдерін тиімді пайдаланып, әртүрлі өнімдер өндіріп жатыр. Бір сөзбен айтқанда, аудан халқы тынымсыз еңбек етіп, ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартып жатыр.

         

Мойынқұм ауданының мақтанышы Ақбақай алтын кен орны облыста емес, республикада танымал. Аталған кен орны бүгінде индустриалды-инновациялық жоба шеңберінде жұмыс істейді.

       

Жобаны құны 8 млрд  250 млн теңге болатын «Хантау» цемент зауытының құрылысы 2010 жылы басталған болатын. Бұдан бөлек зауытқа дейін теміржол тармақтарын салу үшін бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша  тағы да 342 млн теңге  бөлінген. Қазіргі таңда «Хантау» цемент зауыты табысты еңбек етуде.

            

Жобаның құны 600 миллион теңге болатын Мыңарал балық зауыты Ресей мен Германияға өз өнімдерін жөнелтілтіп жатыр. Зауыт  жылына 1 500 тонна балық өңдеп шығаруға қауқарлы.

        

Кеңес ауылдық округіне қарасты Айдарлы ауылына «Ақ отау» шаруа қожалығы төрт түлік мал бағып отыр. Шаруашылық иелері ауданның индустриалды аймағындағы кәсіпорындармен келісімшарт жасасып, ет өткізуді жұмысын да бастап кеткен.

Жамбыл ауылында "Ғазиз" жеке кәсіпкерлігі сүт өнімдерін дайындау цехын ашып, төрт түрлі өнім шығарумен айналысып келеді. "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасымен грант ұтып алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған Ғазиз есімді кәсіпкер алдағы уақытта кәсібінің көкжиегін кеңейтуді көздеп отыр.

       

Назар Алдамжарұлы "Бастау бизнес" жобасы аясында қайтарымсыз 505 мың теңге қаржы алып, құс шаруашылығын дамытып отыр. Оның айтуынша, күрке тауықтың күтімі күрделі болғанымен қомақты табыс табуға болады.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

Пікірлер