Әулиеатада Тұңғыш Президент күніне орай 28 нысан берілді (Фоторепортаж)

4315
Adyrna.kz Telegram

Әулиеатада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні және облыстың 80 жылдығына орай 28 нысан ел игілігіне берілді. Атап айтқанда, 1 фронт офис, 22 медициналық пункт, 2 балабақша ашылып, 3 инженерлік жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ, облыста мереке қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған қарсаңында қайырымдық шаралары жасалып, оның соңы мерекелік концертке ұласты.

      

Тараз қаласында инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін аймақтық Zhambyl Invest фронт-кеңсесі ашылды. Аталған фронт-офис ҚР Үкіметінің «Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес өңірде инвесторларға қызмет көрсету бойынша ашылып отыр.

       

Қордай ауданының Қызылсай ауылында 50 орындық «Тілашар 2» жеке меншік балабақшалары пайдалануға берілді. Балабақшада 2 педагог және 6 көмекші персонал, барлығы 8 адам жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ Қордай ауылындағы 75 орындық «Көркем Қордай» балабақшасы пайдалануға берілді.

        

Сондай-ақ Қордай ауданының Қалғұты, Мұзбел, Кенен, Бәйтерек, Қызылсай ауылдарында медициналық пунктер ашылды.

 

Сарысу ауданының Жаңаталап ауылында фельдшерлік акушерлік және Маятас ауылдарында медпунк берілді.

P.S. Байзақ ауданының 4, Жуалы ауданында 5, Меркі ауданында 7 медициналық пунктер пайдалануға берілді. Сонымен қатар Жуалы ауданында Теріс, Қосбөлтек, Нұрлыкент ауылдарында жаңа тұрғын алқабының инженерлік жүйесі іске қосылды.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

Пікірлер