«Тарих толқынындағы Көшбасшы келбеті»

3657
Adyrna.kz Telegram

 Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Радуга» шығармашылық ұйымы аясында «Тарих толқынындағы Көшбасшы келбеті» атты виртуалды фото-көрме өткізілді.

Шараға Семей өңірі гарнизоны әскери полиция жасағы бастығының орынбасары, подполковник Шаянбаев Дархан Мұратханұлы мен әскери полиция гарнизонының қызметкерлері, сондай-ақ «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Айтмұқаш Алмас Виленұлы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері, жас ақындар Жанатхан Өміргүл, Жеңісхан Гүлбайран, Тоқтарбеков Бекзат, Бұлан Бекейқызы, Қуандықов Әлібек, Бақытжанұлы Елдос, Радиотехника және байланыс колледжінің  студенттері, №16 орта  мектебінің алғашқы әскери дайындық және технология пәнінің мұғалімі Шүршітбаев Екпіннің жетекшілігімен әскери патриоттық клубының 11-сынып оқушылары және де М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенті Фархадұлы Батыр қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылған шара барысында кітапхана қызметкері Қазақстан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттіліктің қалыптасуының, ұлт бірлігін нығайтудың, нарықтық экономика құрудың қиын, бірақ жарқын жолын өткергенін атап өтті. Сонымен қатар бүкіл ел кеңінен атап өтетін ұлттық мерекелердің пайда болғанын, соның ішінде Тұңғыш Президент күні басқа мерекелерден ең алдымен өзінің сан қырлылығымен ерекшеленетінін және де Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен жасампаздығына қосқан зор үлесі мен халықтың өз Көшбасшысына деген құрметінің заңды көрінісін, біздің қазақстандық жолымызды тағы бір ой сарасынан өткізу мүмкіндігінің туғанын айтты.

Виртуалды көрменің «Тарих. Тұлға. Елбасы», «Тәуелсіз елдің Көшбасшысы», «Жаңа дәуірдегі Қазақстан», «Астана – Елбасының төл перзенті» атты бөлімдерінде қатысушылар назарына ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, Елбасының металлург қызметін атқарып, одан кейін қоғам мен партия қызметкерінен саяси көшбасшы, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне дейінгі жолын баяндайтын, сонымен қатар тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалыптасу кезеңдері, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктері туралы, қазіргі заман тарихындағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының рөлі туралы кітаптар шеруі ұсынылды.

Шара қонақтары егемен Қазақстанның негізін құру мен нығайтудағы ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ҚР Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың   рөлін ашып көрсетті.

Жас ақындар Ұлт Көшбасшысының құрметіне өлеңдер оқып, күйлер мен патриоттық әндер орындады.

Кітапхана қызметкері іс-шараны қорытындылай келе, біздің әрқайсымыз еліміздің дамуы мен өркендеуіне, өмірдегі барлық жоспарларды жүзеге асыруда өз үлесімізді қосуға тиіс екенімізді атап өтті.

«Адырна» порталы

Пікірлер